Болашақ педагогтың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың рөлі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Karagandy University of the name of acad. E.A. Buketov
Abstract
Мақалада болашақ педагогтың өзін-өзі үйымдастыру күзыреттерін қалыптастыруда жоғары және (не-
месе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бүдан әрі — ЖЖОКБҰ)
ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстардың рөлі мен олардың өзара байланысы қарастырылған. Өзіндік
жұмыстың ЖЖОКБҰ-дағы педагогикалық үдерістің маңызды күрамдас бөліктерінің бірі ретінде және
оның берер мүмкіндіктері сипатталған. Сонымен қатар, өзіндік жұмыстың дидактикалық мақсаты
анықталып, оларды ұйымдастыру ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттамалары
берілген. Зерттеудің мәселелері болашақ педагог жеке басының өзін-өзі ұйымдастыруын
қалыптастыру үдерісінің мәні мен рөлін анықтауда ашылады. Жұмыстың мақсаты — болашақ
педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру қүзыреттерін қалыптастыру үшін қажетті тиімді тәсілдер мен
педагогикалық дағдыларды айқындауға негізделеді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы — дүрыс
және тиімді ұйымдастырылған өзіндік жұмыс болашақ педагогтың кәсіби қызметіне қажетті
қасиеттердің, сонымен қатар өзін-өзі ұйымдастыру қүзыреттерінің қалыптасуына тікелей ықпалын
тигізетіні туралы мақалада сипатталған. Өзіндік жұмыстар аудиториялық және аудиториядан тыс
сабактарды үйымдастыру төңірегінде карастырылды. Болашак педагогтарды даярлау барысында
өзіндік жұмыс өзін-өзі ұйымдастыруға қажетті қасиеттері мен қабілеттерін, ақыл-ой еңбегі
мәдениетін, жаңа білімді өздігінен игеру дағдыларын қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Осыған
орай, зерттеу жұмысына болашақ педагог ретінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық
университетінің ғылыми-педагогикалық бағытындағы магистратураның білім алушыларына сауална-
ма жүргізілді және олардың нәтижелері үсынылды. Сауалнаманың нәтижелері магистранттар арасын-
да оку іс-әрекетінің өзін-өзі үйымдастыру күзыреттерін калыптастыруда оң динамиканы байкауға бо-
лады, демек бүл кәсіби күзыреттердің калыптасуын көрсетеді.
Description
Citation
Байжуманова Н.С. Болашақ педагогтың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың рөлі/Н.С. Байжуманова, А.С. Раимкулова//Қарағанды университетінің педагогика сериясы=Вестник Карагандинского университета. Серия педагогика=Bulletin of the Karaganda university. Pedagogy series. -2025. №2. 40-53 б.