Дарынды жасөспірімнің тұлғалык тұтастығын дамытуға әлеуметтік-педагогикалык колдау көрсету
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада жасөспірiмдердің дарындылығын дамытудың әлеуметтік-педагогикалық шараларының тиiмдiлiгiн бағалау үшiн эксперименттік зерттеудің нәтижелерi қарастырылған, сонымен қатар дарынды жасөспірiмдердің қабілеттерін диагностикалау нәтижелерінің сипаттамасы берiлген. Дарынды жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мәнi дарынды жасөспірiмнің жеке тұлғасын дамытуды қамтамасыз ету үшін жеткiлiктi жұмыс тәсілдері, нысандары мен әдiстерi кешенiн пайдалана отырып эзiрленген әлеуметтік-педагогикалық шаралар кешенiн тексерумен ашылады. Зерттеу барысында бағдарлама шеңберінде қолданылатын әдiстер мен тәсілдердің тиiмдiлiгi талданды. Алынган нәтижелер дарынды жасөспiрiмдермен жұмыс жасауда қандай әдiстер мен тәсілдер тиiмдi екенін түсiну үшін пайдалы болуы мүмкiн. Мақалада дарынды оқушының тұлғалық дамуын бағалау нәтижелерi бойынша қорытындылар берiлген. Әлеуметтік педагогтардың осы санаттағы оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету бойынша жоспарларын қаншалықты сәттi жүзеге асырып жатқаны бағаланады. Бұл ретте бақылау және эксперименттік топтардың салыстырмалы талдау нәтижелерi ұсынылады. Қалыптастырушы эксперимент жүргізгеннен кейiн үлгерiмi әртүрлi шығармашылық iс-әрекеттерге белсеңдi қатысумен байланысты оқушылар санының артқаны байқалды, бұл осы тәсілдің тиiмдiлiгi туралы алғашқы болжамдарды растайды. Эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерін бағалау кезінде дарынды жасөспiрiмдер тұлгасының жан-жакты дамуын көрсететiн критерийлер мен көрсеткіштер пайдаланылды. Зерттеу барысында дарынды жасөспiрiмдермен жұмыс iстеуге әлеуметтік- педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын енгiзу нәтижесiнде осы дамуды зерттеудің кешендi әдiстемесi ұсынылған. Мұғалiмдер мен ата-аналарға арнайы ұсыныстар тұжырымдалды. Дарынды жасөспiрiмдерге арналған мектепте дарынды оқушылармен жұмыс істеудің әлеуметтік-педагогикалық; аспектiлерi қарастырылған.
Description
Keywords
тұтастылық, тұлганың дамуы, әлеуметтiк-педагогикалық қолдау, бағдарлама, психологиялық денсаулық, диагностика, тренинг, өлшем, көрсеткiш, Дарынды жасөспірім, дарын, жасөспірім, тұлға, тұлғалық тұтастық, дамыту, социально-педагогическая поддержка, развитие целостности, личность одаренного подростка, развитие, целостность, личность, подросток, одаренный подросток, развитие личности, программа, психологическое здоровье, диагностика, критерий, показатель, indicator, criterion, training, diagnosis, psychological health, program, socio-pedagogical support, personal development, integrity
Citation
Дарынды жасөспірімнің тұлғалык тұтастығын дамытуға әлеуметтік-педагогикалык колдау көрсету/ А.И. Ахметова [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 8-23