Мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларының информатиканы оқытуда когнитивті қабілеттерін арттыру

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада информатиканы оқыту процесінде негізгі сабақпен қатар, сабақтан тыс уақытта оқушының өз қабілетін мүмкіндігінше толық ашуға көмектесетін шығармашылық ізденіс атмосферасын құру мә- селесі талқыланды. Оқыту формасының түрлеріне сипаттама берілді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бағытталған отандық нормативтік-құқықтық базасына кіретін құжаттар көрсетілді. Еліміздегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар туралы сандық көрсеткіш аталып өтілді. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың оқу процесінде жан-жақты қабілеттерін арттыруға, оларды қолдау мен танымдық қабілеттерін жақсарту үшін қолданылатын әртүрлі көмекші технологиялар сипатталған. Сонымен қа- тар, мақалада шетелдік ғалымдардың есту қабілеті нашар оқушыларға информатика пәнін оқыту үшін жасаған жұмыстарына шолу жасалды. Оқыту түрлерінің ішіндегі факультатив сабақтар арқылы оқу- шының когнитивті қабілеттерін арттыру үшін мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде есту қабілеті нашар оқушылардың когнитивті қабілеттерін арттыру, оқушының психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып, бейімделген қосымша оқыту бағдарламаларын 4 модуль бойынша құрастырып, оның ішкі құрылымын сипаттау мақаланың негізгі талданатын мақсаты болып табылады. Авторлар мақалада информатика пәні бойынша құрастырылған факультативті курсты оқыту кезіндегі заманауи иннова- циялық оқыту технологиялары мен әдістерін баяндаған.

Description

Citation

Ибраимкулов А.Е. Мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларының информатиканы оқытуда когнитивті қабілеттерін арттыру/А.Е. Ибраимкулов, А.С. Еримбетова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. №3. 21-28 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By