Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін зерттеу: өзін-өзі бағалау шкаласы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы заманауи қоғамда өмір сүруге дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға арналған зерттеу ұсынылған, ол өзін-өзі бағалау шкаласын әзірлеу және қолдануға негізделген. Мақалада функционалдық сауаттылық ұғымының теориялық негіздері, оның негізгі компоненттері және оларды бастауыш сыныпта қалыптастырудың маңыздылығы егжей- тегжейлі баяндалған. Оқу сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігі ретінде әртүрлі жазбаша мәтіндер мен оқу материалдарын түсінуге мүмкіндік береді. Цифрлық сауаттылық білім алу және өмір сүру үшін ресурстарға қол жеткізу және оларды тиімді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік сауаттылық тиімді ынтымақтастық пен топтық жұмыс кезінде білімді қолдануға ықпал етеді. Функционалдық сауаттылықты зерттеуде оның қалыптасу деңгейін диагности- калау маңызды аспект. Авторлар бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық компоненттерін өзін-өзі бағалау үшін арналған шкаланың құрылымын әзірлеп, оның зерттеу нәтижелерін талдаған. Нәтижелер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға және оқу процесінде педагогикалық назар аударуды қажет ететін салаларды анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейіне әсер ететін факторлар, оның ішінде төмен көрсеткіштердің себептері де талданған. Алынған деректер негізінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған педагогикалық ұсыныстар берілген, бұл зерттеуді бастауыш білім саласындағы педагог- тер мен зерттеушілер үшін өзекті және пайдалы етеді.

Description

Citation

Копбалина К.Б. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін зерттеу: өзін-өзі бағалау шкаласы/К.Б. Копбалина, С.К. Абильдина, Б.А. Жекибаева//Қарағанды университетінің педагогика сериясы=Вестник Карагандинского университета. Серия педагогика=Bulletin of the Karaganda university. Pedagogy series. -2025. №2. 116-125 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By