Дизайн ойлау — оқушыларды математика оқу процесіне тарту құралы.
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Казіргі жаhандану жағдайында сапалы білім алу үшін шығармашылық және бейімделгіш ойлау қабілеттерін дамыту маңызды рөл атқарады. Мақалада дизайн ойлау әдісінің XXI ғасырда оқушылардың дамуына, белгісіздікке икемделуіне және коғамға оң ықпал жасауға қажетті дағдыларды қалыптастырудағы маңыздылығы қарастырылған. Дизайн ойлау әдісі, білім беру жүйесінде қолданылу барысында оқушылардың оқу процесіне белсене қатысуын қамтамасыз етумен қатар, алған білімді практикалық тұрғыда қолдануды жеңілдететін тиімді құрал ретінде көрсетіледі. Математика мен геометрия секілді пәндерге дизайн ойлауды енгізу арқылы, оқушылардың сыни ойлау, проблемаларды шешу және оқу процесіне белсенді араласу қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері зерттелген. Бұл әдіс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкiндiк береді. Авторлар дизайн ойлау арқылы абстрактілі математикалық ұғымдар мен олардың нақты өмірдегі қолдану аясы арасындағы алшақтықты жоюга ықпал ететін тәсілдерді талдайды. Сонымен қатар эмпатия қағидасына ерекше назар аударылады, себебі ол оқушыларды баскалардың қажеттіліктерін түсініп, оларды есепке ала отырып, әрекет етуге бағыттайды. Осыған байланысты, дизайн ойлауды қолдана отырып, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар ұсынылған. 5-6 сынып оқушыларына арналған математикалық білім беру барысында дизайн ойлау қадамдарын қолданудың нақты мысалдары келтірілген. Оларға жай бөлшектер, кеңістік фигуралары және олардың жазбалары сияқты тақырыптарды түсiндiруде қолданылатын әдістер, технологияларды интеграциялау жатады. Зерттеу нәтижелері дизайн ойлау әдісінің оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырудағы, білімді практикалық тұрғыда қолданудағы тиімділігін көрсетеді.
Description
Keywords
дизайн ойлау, эмпатия, математикалық білім беру, бақылау, қабілет, бәсекеге қабілеттілік, даму, ойлау, мышление, развитие, способность, конкурентоспособность, наблюдение, математическое образование, эмпатия, дизайн-мышление, thinking, development, ability, competitiveness, observation, mathematical education, empathy, design thinking
Citation
Кайыр А.Б., Даулеткулова А. У. Дизайн ойлау — оқушыларды математика оқу процесіне тарту құралы./А.Б. Кайыр , А. У. Даулеткулова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 187-195