Болашақ педагогтардың психологиялық денсаулығының қажеттілік- мотивациялық компонентінің ерекшеліктері.
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада жоғары мектептің білім беру үдерiсiнде болашақ педагогтардың психологиялық денсаулығының көрінісінің бiрi ретінде өзін-өзі дамыту қажеттілігінің өзектiлiгi кeрсетiлген. Елiмiздің бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм берудi дамыту қағидасының мазмұнына енгiзiлген өзгерістер негiзге алынды. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасау негiзiнде психологиялық денсаулық түсінігіне сипаттама жан-жақты берiлген. Психологиялық денсаулық пен психикалық денсаулық түсініктерінің айырмашылығы көрсетілген. Авторлар қағидалардың негiзiнде психологиялық денсаулықтың бiрнеше компонентi жайлы айтады. Жоғары мектептiң бiлiм беру кеңістігінде болашақ педагогтардың маман ретiнде қалыптасуында көрiнiс беретін, психологиялық денсаулықтың мотивациялық-қажеттілік компонентiнiң мазмұны сипатталған. Аталмыш компоненттің маңыздылығы, авторлардың көзқарастарына сәйкес теориялық тұрғыда талданған. Бiлiм алушылардың психологиялық денсаулық ерекшеліктерін эксперименталдық тұрғыда зерттей отырып, оны дамыту факторлары мен психологиялық шарттары анықталған. Мақалада психологиялық денсаулықтың бiр компоненті, университеттің білім беру жүйесінде болашақ педагогтардың бойында көрiнуi тұрғысынан сипатталған. Тақырыптың мазмұнын тәжiрибелiк тұрғыда ашу мақсатында педагогикалық бағыттағы әртүрлi бiлiм беру бағдарламаларының 2-курс бiлiм алушыларының, «психологиялық денсаулық» феноменінің мотивациялық-қажеттілік компонентiн зерттеу нәтижелерi берiлген. Бiлiм алушылардың бойындағы жетістік және сәтсiздiк мотивациялары зерттелген. Зерттеу әдісі ретiнде А.А. Реанның «Жетістік және сәтсiздiктен қорқу мотивациясы» сауалнамасы қолданылған. Алынған нәтижелердің негiзiнде болашақ педагогтардың психологиялық
денсаулығының мотивациялық өрісін дамытуға бағытталатын психологиялық-педагогикалық шарттар кешенін енгiзу ұсынылады. Алынған нәтижелердiң негізінде, бiлiм алушылардың дамуы мен қалыптасуына қажеттi маңызды жаңашылдықтарды енгiзу туралы көрсетілген.
Description
Keywords
психологиялық денсаулық, болашақ педагогтар, қажеттілік-мотивациялық компонент, білім беру, өзін-өзі өзектендіру қажеттілігі, өзін-өзі дамыту қажеттілігі, білім алушылар, жоғары мектеп, высшая школа, обучающиеся, потребность в саморазвитии, потребность в самореализации, образование, потребностно-мотивационный компонент, будущие педагоги, психологическое здоровье, higher school, students, need for self-development, need for self- reаlizаtion, educаtion, need-motivаtionаl component, future ychers, psychologyl heаlth
Citation
Болашақ педагогтардың психологиялық денсаулығының қажеттілік- мотивациялық компонентінің ерекшеліктері./ К.С. Игембаева [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 73-82