Аймақтық географияны оқытуда жасанды интеллект және цифрлық технологияларды қолданудың инновациялық әдістері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық технологияларды «Шығыс Қазақстан облысының
географиясы» пәнін оқыту үдерісінде қолдануда болашақ география мұғалімдерін кәсіби тұрғыда
даярлаудағы рөлі мен тиімділігі қарастырылған. Зерттеу барысында шетелдік және отандық ғылыми
әдебиеттерге, қазақстандық білім беру жүйесінде ЖИ мен инновациялық әдістерді пайдалануға
арналған негізгі мемлекеттік бағдарламаларға шолу жасалып, ЖИ технологияларының білім сапасын
арттырудағы рөлі, дербес оқыту мүмкіндіктері және білім алу ынтасын күшейтудегі ықпалы
талданған. Сонымен қатар мақалада ұсынылған элективті курс бағдарламасы географиялық
деректерді өңдеу және визуализациялау үшін қолданылатын ЖИ платформаларын енгізу арқылы
білім алушылардың пәндік білімін тереңдетуге бағытталған. Зерттеуде С. Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университеті «География», «География-тарих» білім беру бағдарламасының білім
алушылары қатысқан педагогикалық эксперименттің негізгі кезеңдері (анықтаушы, қалыптастырушы
және бақылау) мен алынған нәтижелер ұсынылған. Зерттеу қорытындысы бойынша жасанды
интеллект және цифрлық технологияларды қолдану аймақтық география курсын оқытуда білім
алушылардың қызығушылығын арттырып, олардың оқу жетістіктеріне оң әсер еткенін көрсетті.
Педагогикалық эксперимент нәтижелері болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейін көтеру
үшін жасанды интеллектіні оқыту үдерісіне енгізудің маңызды екенін дәлелдеді және осы бағытты
дамытудағы болашақ зерттеулерге ықпал ететін практикалық ұсыныстар берілді.
Description
Citation
Айткожина С.К. Аймақтық географияны оқытуда жасанды интеллект және цифрлық технологияларды қолданудың инновациялық әдістері/С.К. Айткожина, Н.Ж. Женсикбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2025. №3. 50-59 б.