Болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада болашақ; педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту мәселелесі мен олардың кәсіби құзыреттілігіне әсері қарастырылған. Зерттеу аясындағы транссауаттылық термині — цифрлық құрылғыларды қолдана отырып, ақпаратпен тиімді жұмыс істеу, оның маңыздылығын түсіну, сенімділігін бағалау мен практикалық тиімді қолдану мүмкіндігімен сипатталады. Алыс-жақынды шетелдік және отандық ғылыми еңбектерден транссауаттылық мәселесінің зерттелу жағдайы берілген. Авторлар тарапынан болашақ педагог-психологтерге қойылатын заманауи талаптар, ақпараттық және цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері сондай-ақ студенттердің цифрлық кеңістікте әртүрлі аппарат көздеріне қол жеткізуі үшін транссауаттылықты дамыту қажеттілігі негізделген. Жоғары оқу орнындағы болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығының ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында арнайы жасалған сауалнама жургізіліп, алынған нәтижелері талданды. Зерттеу жұмысындағы транссауаттылықты дамытуға бағытталған инновациялық әдістердің болашақ мамандардың танымдық, коммуникативтік, мотивациялық, сыни ойлау, өзіндік ізденіс пен бағалау деңгейін арттыратындығы сипатталды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен арнайы сауалнама нәтижелерін саралай келе, болашақ педагог- психологтердің транссауаттылығын дамытуда жобалық оқыту, презентация мүмкіндігі, цифрлық портфолио, ойынға негізделген оқыту сияқты инновациялық әдістер ұсынылды. Бүгінгі ақпарат ағыны мен цифрлық технологиялардың жылдам жаңаруы тұсында студенттердің транссауаттылығын дамыту олардың кәсіби дайындығының маңызды бөлігі бола отырып, педагогикалық және психологиялық ақпаратпен тиімді жұмыс істеуге, цифрлық технологияларды жетік қолдануға мүмкіндіктер ашады. Зерттеу нәтижесінде авторлар болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамытуға арналған ұсыныстар береді.
Description
Keywords
транссауаттылық, болашақ педагог-психолог, құзіреттілік, медиасауаттылық, ақпараттық сауаттылық, цифрлық сауаттылық, инновациялық әдіс, сыни ойлау, критическое мышление, инновационный метод, цифровая грамотность, информационная грамотность, медиаграмотность, компетентность, будущий педагог-психолог, трансграмотность, critical thinking, innovative method, digital literacy, information literacy, media literacy, competence, future educational-psychologist, transliteracy
Citation
Батанасова Б.Е., Асылбекова М.П. Болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту./Б.Е. Батанасова , М.П. Асылбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 127-136