«Тұтынушы» ұғымы жəне тұтынушының Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша құқықтық жағдайы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Зерттеу жұмысының мақсаты — теориялық ережелер мен қолданыстағы заңдарды талдау негізінде
азаматтық заңдар бойынша тұтынушының құқықтық мəртебесін айқындау, «тұтынушы» ұғымын жəне
тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін анықтау. Авторлар қойылған мақсаттарға
қолжеткізу үшін келесідей міндеттерді белгіледі: осы саладағы заңдарды жетілдіру, оны жүйелендіру
бойынша, сондай-ақ оны қолдану тəжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар əзірлеу.
Авторлар «тұтынушы» ұғымының теориялық мəнін қарастырып, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес тұтынушының құқықтық жағдайына талдау жүргізді. Мақалада тұтынушылардың
құқықтарын қорғауға бағытталған ұлттық заңнаманың құқықтық нормаларына ерекше көңіл бөлінеді,
нормативтік-құқықтық актілер топтарға бөлініп қарастырылды, соның негізінде тұтынушылардың
құқықтарын қорғау бойынша қатынастарды құқықтық реттеудегі ақаулықтар мен қарама-
қайшылықтар анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында тұтынушылар
құқығын қорғаудың теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне кешенді азаматтық-құқықтық тұрғыда
талдау жүргізу, тұтынушылар құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіруге
бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады. Зерттеу нəтижесінің қорытындылары мен
ұсыныстарын тұтынушылар құқығын қорғаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттейтін
ұлттық заңнамалардың тиімділігін арттыру мəселелерін одан əрі зерттеуде, сонымен қатар
заңшығарушылық пен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Description
Citation
Сұлтанова A.T. «Тұтынушы» ұғымы жəне тұтынушының Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша құқықтық жағдайы/A.T. Сұлтанова, Г.А. Ілиясова//Қарағанды университетінің хабаршысы. ҚҰҚЫҚ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ПРАВО. = Bulletin of the Karaganda university. LAW Series. - 2018. №4. 65-73 б.