Аягөз өңірінің ономастикалық атаулары: шығу тегі, зерттелуі және этномәдени сипаты
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл ғылыми мақала Абай облысы аумағындағы Аягөз өңірінің онимдік жүйесіне, яғни жер-су
атауларының шығу тегі, құрылымы және тарихи-мәдени мәніне арналған. Қазақ даласындағы
топонимдер - ұлт тарихының, этномәдени болмысының, көне дәуірден келе жатқан тілдік қабаттардың
көрінісі. Аягөз атауы - осы аймаққа тән көне гидронимдердің бірі және түркілік тайпалық-рулық
құрылымдардың, мифтік-аңыздық түсініктердің, тарихи жазбалардың тоғысқан тұсы ретінде
ерекшеленеді. Мақалада Аягөз қаласының, Аягөз өзенінің атауы, оның этимологиялық талдауы,
халықтық және ғылыми нұсқалары, сондай-ақ осы өңірдегі өзге де табиғи-географиялық атаулар (Қозы
Көрпеш - Баян сұлу кесенесі айналасындағы топонимдер, Шорға, Байқасқа, Қарақол, Көксай,
Таскескен, Ақшатау, т.б.) қарастырылады. Зерттеу барысында П. П. Семёнов-Тян-Шанский, Г. Н.
Потанин, А. Янушкевич, сондай-ақ қазіргі отандық ономаст-ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Топонимдік атаулардың тарихи-тілдік негіздері салыстырмалы-тарихи әдіспен, аңыздық-
этнографиялық нұсқалары мазмұндық-мәтіндік талдау арқылы қарастырылды. Мақалада Аягөз
атауының көне түркілік (ай+оғұз), фольклорлық («Аяудың көз жасы»), тарихи-топографиялық (өзен
сипаттамасына байланысты) нұсқалары сараланып, өңірдің ономастикалық картасы мен атаулардың
этномәдени қызметі жан-жақты түсіндіріледі.
Description
Citation
Болатқанова Е. Аягөз өңірінің ономастикалық атаулары: шығу тегі, зерттелуі және этномәдени сипаты/Е. Болатқанова//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 307-310 б.