Топырақтың галоиндикациялық құрамын зерттеу (Қазығұрт ауданы мысалында)
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
НАО «Карагандинский национальный исследовательский университет имени академика Е.А. Букетова»
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасы Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының топырағының
галоиндикациялық құрамы зерттелді. Зерттеу барысында аудандағы әртүрлі геоморфологиялық
аймақтардан алынған топырақ үлгілерінің минералдылығы, электрөткізгіштігі және қышқылдылық
көрсеткіштері анықталып, олардың негізінде топырақтың тұздану дәрежесі мен типі бағаланды.
Лабораториялық талдаулар нәтижесінде аудандағы топырақ үлгілерінің басым бөлігінде қауіпті
деңгейден төмен тұз концентрациясы анықталды. Алынған мәліметтер негізінде ArcGIS
бағдарламасының көмегімен Қазығұрт ауданының ландшафттық және геохимиялық аудандастыру
карталары, сондай-ақ галоиндикациялық көрсеткіштер картасы жасалды. Зерттеу нәтижелері
антропогендік факторлардың топыраққа тигізетін әсерін және тұздану үрдісінің кеңістіктік таралу
ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, топырақтың құнарлылығын сақтау және
оны ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану үшін ұсыныстар берілді. Зерттеу қорытындылары
аймақтың экологиялық тұрақтылығын арттыруға және жер ресурстарын ұтымды басқаруға
бағытталған ғылыми негіз қалыптастырады.
Description
Citation
Жангожина Г.М. Топырақтың галоиндикациялық құрамын зерттеу(Қазығұрт ауданы мысалында) / Г.М. Жангожина// Geography and Sustainable Development . – 2025. – Vol.1. – № 1(1). – P. 57-67.