Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы діни ахуал: Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің тарихы мысалында
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті
Abstract
Мақалада Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдайы, саяси өмірдегі рөлі мен тарихи маңызы, сондай-ақ соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы шіркеулер қызметінің шектелуі мен дінге қарсы саясаттың қайта күшеюі талданған. Орыс православие шіркеуі істері жөніндегі кеңес пен Қазақ КСР аумағындағы өкілеттілердің баяндамалары негізінде мемлекет
пен дін арасындағы қарым-қатынас, туындаған мәселелер және олардың шешу жолдары қарастырылған. Зерттеудің мақсаты — Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орыс православие шіркеуінің тарихын, соғыс барысындағы атқарған қызметін, И.В. Сталиннің сыртқы саясатында шіркеудің атқарған рөлін және оның жеңіске қосқан үлесін анықтау. Зерттеу міндеттеріне соғыс жылдарындағы Орыс православие шіркеуіне қатысты мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерін талдау, шіркеудің патриоттық қызметі мен қоғамдағы орнын айқындау, сондай-ақ соғыстан кейінгі кезеңде шіркеу қызметін шектеу үрдістерін көрсету кіреді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шіркеудің патриоттық қызметі мен жеңіске қосқан үлесі, сондай-ақ Қызыл Армияға көмек ретінде киім-кешек, қаржы және азық-түлік жинау ісі туралы мәліметтер архив құжаттарына негізделген. Зерттеу нәтижесінде соғыс жылдары мемлекет пен православие шіркеуі арасындағы қатынастарда уақытша
ымыра орнап, дінге қатысты саясат белгілі бір дәрежеде жұмсарғаны анықталды. Архиепископтармен өткізілген кездесу нәтижесінде Орыс православие шіркеуі істері жөніндегі кеңес құрылды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда шіркеулердің ашылуы мен қызметі баяулап, мемлекеттік бақылау күшейді. Соғыс жылдарындағы ауыр кезеңді еңсеру мақсатында дінді өз мүдделеріне пайдаланған большевиктік кеңес билігі, соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның көптеген аймақтарында шіркеулердің қайта ашылуына және қызметін жалғастыруларына рұқсат бермеді.
Description
Citation
Оразбайқызы А., Жолдасұлы Т. Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы діни ахуал: Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің тарихы мысалында./ А. Оразбайқызы , Т. Жолдасұлы// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 4(120)-шығ. — 122-132 б.