Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы діни ахуал: Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің тарихы мысалында

dc.contributor.authorОразбайқызы, А.
dc.contributor.authorЖолдасұлы, Т.
dc.date.accessioned2026-02-26T09:21:04Z
dc.date.available2026-02-26T09:21:04Z
dc.date.issued2025
dc.description.abstractМақалада Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдайы, саяси өмірдегі рөлі мен тарихи маңызы, сондай-ақ соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы шіркеулер қызметінің шектелуі мен дінге қарсы саясаттың қайта күшеюі талданған. Орыс православие шіркеуі істері жөніндегі кеңес пен Қазақ КСР аумағындағы өкілеттілердің баяндамалары негізінде мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас, туындаған мәселелер және олардың шешу жолдары қарастырылған. Зерттеудің мақсаты — Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орыс православие шіркеуінің тарихын, соғыс барысындағы атқарған қызметін, И.В. Сталиннің сыртқы саясатында шіркеудің атқарған рөлін және оның жеңіске қосқан үлесін анықтау. Зерттеу міндеттеріне соғыс жылдарындағы Орыс православие шіркеуіне қатысты мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерін талдау, шіркеудің патриоттық қызметі мен қоғамдағы орнын айқындау, сондай-ақ соғыстан кейінгі кезеңде шіркеу қызметін шектеу үрдістерін көрсету кіреді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шіркеудің патриоттық қызметі мен жеңіске қосқан үлесі, сондай-ақ Қызыл Армияға көмек ретінде киім-кешек, қаржы және азық-түлік жинау ісі туралы мәліметтер архив құжаттарына негізделген. Зерттеу нәтижесінде соғыс жылдары мемлекет пен православие шіркеуі арасындағы қатынастарда уақытша ымыра орнап, дінге қатысты саясат белгілі бір дәрежеде жұмсарғаны анықталды. Архиепископтармен өткізілген кездесу нәтижесінде Орыс православие шіркеуі істері жөніндегі кеңес құрылды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда шіркеулердің ашылуы мен қызметі баяулап, мемлекеттік бақылау күшейді. Соғыс жылдарындағы ауыр кезеңді еңсеру мақсатында дінді өз мүдделеріне пайдаланған большевиктік кеңес билігі, соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның көптеген аймақтарында шіркеулердің қайта ашылуына және қызметін жалғастыруларына рұқсат бермеді.ru_RU
dc.identifier.citationОразбайқызы А., Жолдасұлы Т. Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы діни ахуал: Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің тарихы мысалында./ А. Оразбайқызы , Т. Жолдасұлы// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 4(120)-шығ. — 122-132 б.ru_RU
dc.identifier.issn2518-7236
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22010
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университетіru_RU
dc.relation.ispartofseries«Тарих. Философия» сериясы;4(120)
dc.subjectҚазақстанru_RU
dc.subjectатеизмru_RU
dc.subjectдіни саясатru_RU
dc.subjectҰлы Отан соғысыru_RU
dc.subjectорыс православие шіркеуіru_RU
dc.subjectдінбасыларru_RU
dc.subjectдіни патриотизмru_RU
dc.titleҰлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы діни ахуал: Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің тарихы мысалындаru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
122-132.pdf
Size:
1.04 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: