2024 жылы Бұланты-Білеуті өзені аралығындағы қазақ-ойрат әскери қақтығысының ландшафтын археологиялық зерттеудің алдын ала нәтижелері туралы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қазақ-ойрат әскери қақтығысында Бұланты шайқасы ерекше маңызға ие. Бұл зерттеу Ұлытау облысындағы Бұланты-Білеуті өзендері аралығындағы 1727 жылы болған әскери қақтығыс ландшафтын анықтауға бағытталған. 2007-2010 жылдары жүргізілген кешенді зерттеулер кезінде Қалмаққырған өзені аңғары мен Қарасуыр қойнауында бірқатар тарихи нысандар анықталып, алдын ала қазақ-ойрат әскери қақтығыстар кезеңіне жатқызылған болатын. Алайда, 2011 және 2023 жылдары археологиялық қазба жұмыстары бұл болжамды растамады. 2024 жылы ландшафтық-археологиялық әдістер қолданылған іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу әдістеріне топографиялық өлшеулер, геоморфологиялық талдау, археологиялық барлау және жерлеу кешендерін құжаттау кірді. Қалмақтөбе шоқысын қайта зерттеу нәтижесінде ойраттардың кішігірім жылжымалы қарауылының қамал қалдықтары түріндегі қираған құрылыстың болуы расталды. Құрайлы өзенінің жағасында Ұлы және Орта жүз қазақтарының рулық таңбалары бейнеленген сынтастары бар некрополь табылды. Жерлеу кешендерінің морфологиясы мен таңбалардың техникалық орындалуына жасалған талдау бұл ескерткіш XVIII ғасырдағы бауырластық әскери жерлеу болуы мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында жергілікті халықтың ауызша аңыздары мен тарихи деректер арасындағы байланыс анықталды. Қалмақтөбе шоқысының стратегиялық орналасуы оның ойраттар үшін әскери-бақылау пункті ретіндегі маңызын растайды. Некропольдердегі жерлеу ғұрпының ерекшеліктері әртүрлі этникалық топтардың мәдени-діни дәстүрлерін көрсетеді. Әр түрлі дәуірдегі археологиялық материалдардың стратиграфиялық орналасуының ерекшеліктері аймақтың ұзақ мерзімді мәдени тарихын сипаттайды. Табылған археологиялық материалдар Бұланты шайқасының тарихи оқиғасын фольклорлық аңыздар саласынан археологиялық расталған фактілер саласына ауыстыруға мүмкіндік береді және осы аймақта одан әрі жүйелі археологиялық зерттеулер жүргізудің қажеттілігін көрсетеді.

Description

Citation

2024 жылы Бұланты-Білеуті өзені аралығындағы қазақ-ойрат әскери қақтығысының андшафтын археологиялық зерттеудің алдын ала нәтижелері туралы./ Р.М. Жумашев [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 2(118)-шығ. — 59-70 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By