LaFeO3 перовскитінің электртасымалдау қасиеттерін зерттеу
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
LaFeO3 перовскиті гидротермалды әдіс арқылы синтезделіп, әртүрлі уақытта термиялық өңдеуге ұшырады (2, 4 және 6 сағат). LaFeO3 перовскитінің электртасымалдау қасиеттерін зерттеуде импеданс спектроскопиясы қолданылды. Импеданс спектроскопиясы Corrtest CS350M EIS Potentiostat құрылғысы арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында әртүрлі термиялық өңдеу уақыттары үшін материалдың импеданс спектрлері алынған және оларды талдау арқылы материалдың өткізгіштік қасиеттеріндегі өзгерістер анықталды. LaFeO3_6h үлгісінің импеданс доғасы басқа үлгілерге қарағанда ең кіші болды, бұл өткізгіштік қасиеттерінің жақсарғанын көрсетті. Бұл нәтижелер термиялық өңдеу уақытын ұзарту арқылы материалдың электртасымалдау қасиеттерін жақсартуға болатынын растайды. Яғни, термиялық өңдеу уақытын ұзартқан сайын оның өткізгіштігі артады.
Description
Keywords
Citation
LaFeO3 перовскитінің электртасымалдау қасиеттерін зерттеу / Амет Ф.Р. [т.б.] // Қазіргі заманғы физика ғылымының инновациялық дамуы: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер. - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. – 2025. – 75-80б.