Күрделі біріккен бұзылыстары бар аутистік спектрі бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіру моделі

Abstract

Аутистік спектрі бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіру процесі (бұдан әрі — АСБ) зерттеудің өзектілігін білім беру және әлеуметтік-мәдени ортаға кіру қажеттілігімен айқындалады. Мақаланың мақсаты — арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында күрделі біріккен бұзылыстары бар аутистік спектрі бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіру процесін модельдеу. Зерттеу аясында теориялық әдістер: күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру мәселесі бойынша контент-талдау, яғни, шетелдік және қазақстандық тәжірибені, нормативтік-құқықтық, ғылыми, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дереккөздер қолданылды. «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру тұжырымдамасының мазмұны нақтыланды. Күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру үрдісінде мына компоненттер ұсынылды: (мотивациялық-құндылық, әлеуметтік-функционалдық, функционалдық-коммуникативтік, танымдық-бағалау (дезадаптивті, минимальды, аралық, оптимальды) деңгейлер, маңызды сипаттамалары (критерийлер және көрсеткіштер). Күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру деңгейлерін зерттеудің диагностикалық құралдары анықталды. Теориялық әдістермен қатар модельдеу әдісі қолданылды. Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіруде ұсынылған модельдің негізгі құрылымына жүйелік, үрдісті, белсенді құзыреттілік тәсілдері қойылған. Модельдің құрылымдық компоненттері сипатталған: мақсатты, диагностикалық, мазмұнды, ұйымдастырушылық-процестік, нәтижелі. Жалпыланған түрде АСБ бар балаларды әлеуметтендіру процесіне психокоррекциялық, оқу, сабақтан тыс іс-әрекет процесінде ABA мінез-құлқын қолданбалы талдау, қоршаған ортаға бейімдеу, әлеуметтік әңгімелер, TEACCH әдістемесі, PECS жүйесі кіреді.

Description

Citation

Күрделі біріккен бұзылыстары бар аутистік спектрі бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіру моделі / Сакаева А.Н. [т.б] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024. – Vol.29. – № 3(115). – б. 23-33.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By