Оңалту жəне банкроттық рəсіміндегі борышкердің мəмілелерін жарамсыз деп тану негіздері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Зерттеудің мақсаты оңалту жəне банкроттықтағы мəмілелерді жарамсыз деп тану негіздерінің ішіндегі объективті жəне субъективті күдікті мəмілелерді жан-жақты талдау, тарихи аспектісін қарастыру, отандық заңнамадағы олқылықтарға тоқталу, шетел заңнамасымен салыстырмалы талдау жасау. Зерттеудің əдістемелік негізін формальды-логикалық, ғылыми талдау жəне синтез, салыстырмалы- құқықтық, тарихи-құқықтық тəрізді жалпы жəне жеке əдістер құрайды. Зерттеу нəтижесінде
банкроттықтағы мəмілені даулаудың тарихи аспектесі, яғни Ежелгі Рим құқығының «Actio Pauliana»— Паулдық талап, «Laesio enormis» институттары қарастырылды. ҚР «Оңалту жəне банкроттықтуралы» Заңының 7-бабының 2-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларының нормаларына құқықтық талдау жасалып, «айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болуы» түсінігіне қатысты пікірлерге қатысты автордың өз тұжырымы берілген. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының
банкроттық заңнамасына салыстырмалы талдау жасала отырып, объективті жəне субъективті күдікті мəмілелердің ерекшеліктері қарастырылып, сот тəжірибесінен мысал келтірілді. Банкроттықтағы мəмілелерді жарамсыз деп танудағы объективті жəне субъективті теорияларды пайдалануға қатысты əртүрлі көзқарастар талқыланды. Қорытындысында бірыңғай сот тəжірибесін қалыптастыру
мақсатында Қазақстан Республикасының банкроттық заңнамасындағы кейбір түсініктер нақтылануы қажет деген ұсыныстар жасалды.
Description
Citation
Копжасарова С.И. Оңалту жəне банкроттық рəсіміндегі борышкердің мəмілелерін жарамсыз деп тану негіздері / С.И. Копжасарова// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы. – 2023. – № 3(111). – pp. 145-156.