Сыбайлас жемқорлықты криминализациялау шектері қылмыстық табыстарды жылыстату мысалында
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Қазіргі таңда қылмыстық заңнамада сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық табыстарды жылыстату арасында «мазмұндық не көлемдік кеңею» тенденциясы байқалады. Бір жағынан, сыбайлас жемқорлық тобына жататын криминализацияланған әрекеттердің саны артып келетін болса, екінші жағынан,
қылмыстық табыстарды жылыстатудың да көлемі оның предикатты қылмыстарының санының есебінен өсіп келеді. Бұл қылмыстық заңнамадағы құрылымдық өзгерістерге де, соттергеу практикасының да түрленуіне септігін тигізетіні анық. Халықаралық конвенциялардағы ұсыныстарды имплементациялау кейде ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасында бұрыннан орныққан құқықтық институттар мен саралау принциптерін өзгертіп жатады. Осы тұрғыдан «сыбайлас жемқорлық» пен
«қылмыстық табыстарды жылыстату» сияқты қазіргі криминалды цикл салалаларындағы басым екі үлкен құбылыстың өзара сіңісуі уақыттың еншісінде болатын. Дегенмен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасында бұл міндеттің шешілуі құқық қолдану практикасында нақты
істердің саралануында заңдылық, әділдік, құқықтық регулятордың қоғамдық қатынастарды қамтудағы толықтығы әрі дәлдігі сияқты мән-жайлармен ішкі қайшылықтарға алып келеді. Автордың тұжырымдауынша, бұл екі құбылыстың арақатынасының заң жүзінде тиісінше айқындалуы оларға қарсы ісқимылдың дұрыс ұйымдастырылуына негіз болады.
Description
Citation
Ниетуллаев Н.Н.Сыбайлас жемқорлықты криминализациялау шектері қылмыстық табыстарды жылыстату мысалында / Н.Н. Ниетуллаев// Карағанды университетінің хабаршысы.«Құқық» сериясы – 2023. – № 1(109). – 66-74 б.