Техногендік зиянды қалдықтарының топыраққа әсерін рентгенофлуоресценттік әдіспен талдау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетоватындағы Қарағанды университеті

Abstract

Техногенді жүктеменің жоғарылауына қарай жылдан-жылға топырақ өсімдіктерді әртүрлі коректі заттармен, ауамен, сумен, жылумен, биологиялық және физикалық-химиялық ортамен қамтамасыз ететін қабілеттілігінен айырылуда. Мұның себебі топырақ құрамындағы ауыр металл қосылыстарының деңгейі артып, топырақтың тозуына алып келді. Экожүйеде Pb, Cr, As сияқты ауыр металдардың болуы, тіпті өте төмен тұтыну деңгейінде де адамдар мен биожүйелер үшін улы болып табылады. Қоршаған ортаның ауыр металдармен антропогендік ластануы (өнеркәсіп, кен орындарын игеру мен кен балқыту, көлік, ауыл шаруашылығы қалдығы) уақыт өте келе артып жатыр. Қазіргі кезде топырақ жамылғысының ауыр металдармен ластануының биосфераға әсері жиі зерттелуде. Бұл табиғатта ыдырамайтын және ұзақ сақталатын қауіпті қалдықтардың көп жиналуы әсіресе ірі өнеркәсіптік-урбанизацияланған аймақтарда байқалуда. Ауыр металдарға жататын химиялық элеметтерді үш топқа бөліп қарастыруға болады. Қоршаған ортаның ауыр металдармен антропогендік ластануын анықтау мақсатында Жезқазған қаласы және оған іргелес аймақтардың топырағының әр-түрлі горизонттарынан топырақ сынамасы алынды. Алынған сынамалардың химиялық құрамын анықтау үшін рентгенофлуоресценттік әдіспен (XRF) зерттеу жасалған. Талдау жұмыстары Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының зертханасында жүргізілді. Жезқазған қаласы және оған іргелес аймақтардың топырақ құрамындағы I (Аs, Zn, Cd, Pb, Hg, Se), II (Со, Ni, Mo, Cu, Cr), III (Ba, V, W, Mn, Sr), қауіптілік деңгейіндегі химиялық элементтердің сандық құрамы, мг/кг бойынша талдау жасалды.

Description

Citation

Техногендік зиянды қалдықтарының топыраққа әсерін рентгенофлуоресценттік әдіспен талдау / Мырзабаев А.Б. [т.б.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2022. – Vol.16. – № 4(108). – б. 95-100.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By