Техногендік зиянды қалдықтарының топыраққа әсерін рентгенофлуоресценттік әдіспен талдау
| dc.contributor.author | Мырзабаев, А.Б. | |
| dc.contributor.author | Голованов, Д.Л. | |
| dc.contributor.author | Урбаняк, Я. | |
| dc.contributor.author | Кушербаев, С.А. | |
| dc.contributor.author | Бодеев, М.Т. | |
| dc.date.accessioned | 2023-02-14T09:53:50Z | |
| dc.date.available | 2023-02-14T09:53:50Z | |
| dc.date.issued | 2022 | |
| dc.description.abstract | Техногенді жүктеменің жоғарылауына қарай жылдан-жылға топырақ өсімдіктерді әртүрлі коректі заттармен, ауамен, сумен, жылумен, биологиялық және физикалық-химиялық ортамен қамтамасыз ететін қабілеттілігінен айырылуда. Мұның себебі топырақ құрамындағы ауыр металл қосылыстарының деңгейі артып, топырақтың тозуына алып келді. Экожүйеде Pb, Cr, As сияқты ауыр металдардың болуы, тіпті өте төмен тұтыну деңгейінде де адамдар мен биожүйелер үшін улы болып табылады. Қоршаған ортаның ауыр металдармен антропогендік ластануы (өнеркәсіп, кен орындарын игеру мен кен балқыту, көлік, ауыл шаруашылығы қалдығы) уақыт өте келе артып жатыр. Қазіргі кезде топырақ жамылғысының ауыр металдармен ластануының биосфераға әсері жиі зерттелуде. Бұл табиғатта ыдырамайтын және ұзақ сақталатын қауіпті қалдықтардың көп жиналуы әсіресе ірі өнеркәсіптік-урбанизацияланған аймақтарда байқалуда. Ауыр металдарға жататын химиялық элеметтерді үш топқа бөліп қарастыруға болады. Қоршаған ортаның ауыр металдармен антропогендік ластануын анықтау мақсатында Жезқазған қаласы және оған іргелес аймақтардың топырағының әр-түрлі горизонттарынан топырақ сынамасы алынды. Алынған сынамалардың химиялық құрамын анықтау үшін рентгенофлуоресценттік әдіспен (XRF) зерттеу жасалған. Талдау жұмыстары Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының зертханасында жүргізілді. Жезқазған қаласы және оған іргелес аймақтардың топырақ құрамындағы I (Аs, Zn, Cd, Pb, Hg, Se), II (Со, Ni, Mo, Cu, Cr), III (Ba, V, W, Mn, Sr), қауіптілік деңгейіндегі химиялық элементтердің сандық құрамы, мг/кг бойынша талдау жасалды. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Техногендік зиянды қалдықтарының топыраққа әсерін рентгенофлуоресценттік әдіспен талдау / Мырзабаев А.Б. [т.б.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2022. – Vol.16. – № 4(108). – б. 95-100. | ru_RU |
| dc.identifier.issn | 2663-5003 | |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/15159 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетоватындағы Қарағанды университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы.;№4(108) | |
| dc.subject | топырақ | ru_RU |
| dc.subject | рентгенофлуоресценттік талдау (РФТ) | ru_RU |
| dc.subject | ауыр металдар | ru_RU |
| dc.subject | эрозия | ru_RU |
| dc.subject | қауіптілік дәрежесі | ru_RU |
| dc.subject | құнарлылық | ru_RU |
| dc.title | Техногендік зиянды қалдықтарының топыраққа әсерін рентгенофлуоресценттік әдіспен талдау | ru_RU |
| dc.title.alternative | Анализ влияния техногенных вредных отходов на почву рентгенофлуоресцентным методом | ru_RU |
| dc.title.alternative | Analysis of the impact of man-made harmful waste on the soil by X-ray fluorescence method | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |