Гендерлік метафора — әлемнің тілдік бейнесіндегі құнды көрсеткіштерді бағалау құралы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Ұлттық мәдениеттегі ерекше белгілер және образдардың бағасын беру мен сақтаудың негізгі
тәсілдерінің бірі — метафоралар. Гендерлік лингвистикада қолданылатын «гендерлік метафора»
термині феминдік және маскулиндік тұлғалық қасиет пен сапалардың берілу тәсілі ретінде
қолданылады. Бұл зерттеуде қазақ тіліндегі гендерлік маркерленген метафораларды талдау арқылы ер
мен әйел образы қарастырылған, яғни концептуалды метафора теориясына сүйеніп жүргізілген
жұмыста қазақтың әлемнің тілдік бейнесінің құндылық фрагментіндегі гендерлік ерекшелік
анықталады. Негізгі дереккөз ретінде «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» алынды. Зерттеудің мақсаты —
гендерлік метафоралар жүйесінде көрініс табатын ерлер мен әйелдердің жүріс-тұрысындағы, мінез-
құлқындағы, сыртқы келбетіндегі «еркекке тән», «әйелге тән» гендерлік белгілерді анықтау арқылы
гендерлік метафоралардың маңызды мәдени тілдік категория және бағалауыш мағынаны көрсетуде
әмбебап механизм екендігін дәлелдеу, оның құндылық фрагментін айқындау арқылы адамның
метафоралық атаулары жүйесінде гендерлік маркерленген ассиметрияның бар-жоқтығын қарастыру.
Мақалада метафоралық атаулар ер адам мен әйел адамның қасиеттерін, белгілерін көрсететіні
анықталып, ондағы мағына қандай бағалауыштық мән беріп тұрғандығы айқындалған. Осының
негізінде гендерлік метафораның мәдени тілдік категория ретіндегі бағалауыштық қызметіне талдау
жасалады. Нәтижесінде әлемнің нормативті бейнесі материалдарына гендерлік ассиметрия
аспектісінде талдау жасау арқылы ерлер мен әйелдерді сипаттауда айырмашылықтар бар екендігі
байқалды: ер адамдарды бағалауда этикалық бағалауыштық көрсеткіш басым болса, әйел адамдарды
сипаттауда эстетикалық бағалауыштық көрсеткіш басым. Соған сәйкес, гендерлік метафора әлемнің
тілдік бейнесіндегі құнды көрсеткіштерді анықтауда маңызды тілдік құрал болып есептеледі деген
қорытынды жасалған.
Description
Citation
Жумашева, К.Б. Гендерлік метафора — әлемнің тілдік бейнесіндегі құнды көрсеткіштерді бағалау құралы /Жумашева, К.Б. Шоқым, Г.Т. // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. – 2022. – № 2(106). – б. 68-73.