Степногорск қаласы тұрғындарының денсаулық жағдайын цитоморфологиялық зерттеу

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

КарУ баспасы

Abstract

Мақалада Степногорск қаласының жағымсыз экологиялық факторлары əсер ететін аумағында тұратын тұрғындардың риноцитограммасының жəне ұрттың буккальды эпителийінің (ҰБЭ) цитоморфологиялық жағдайы бағаланған. Қаланың аумағындағы тұрғындардың (тексеру тобы) мұрын қуысының жəне ұрттың шырышты қабықшаларының цитологиялық жағдайын анықтау үшін цитоморфологиялық зерттеу əдістері қолданылды. Алынған цитоморфологиялық нəтижелер бойынша риноцитограмма мен ҰБЭ цитограммасындағы мукоцилиарлық жүйенің құраушы бөлігі ретінде қорғаныштық тосқауыл қызметтерін орындайтын құрылымдық элементтердің өзгеруін анықтауға мүмкіндік берді. Степногорск қаласында тұратын тұрғындарда мұрынның шырышты қабықшасында зақымдалған жалпақ эпителиоциттер саны 17,1 есеге, зақымдалған кубтəрізді жəне цилиндртəрізді эпителиоциттер саны 14,1 есеге, сəйкесінше жоғарлағанын көрсетуі, сонымен қатар, ұрттың буккальды эпителийінде апоптозды денешіктері бар эпителиоциттер саны 5,9 есеге, кариорексис белгісі бар жасушалар саны 2,2 есеге, екі ядролы жасушалар саны 6,8 есеге артуы жоғарғы тыныс алу жолдарының репаративтік процесінің бұзылуын айқындап, созылмалы патологиясының дамуына жағдай туғызады. Осылайша, экологиялық жағымсыз аудандарда тұратын тұрғындардың мұрын қуысының шырышты қабықшасының жəне ұртының буккальды эителийінің жағындыларын инвазивсіз цитоморфологиялық зерттеу нысана мүше ретінде метаболизмдік жəне патогенетикалық өзгерістердің ерте көрініс беруін анықтауға мүмкіндік берді.

Description

Citation

Дүзбаева Н.М. Степногорск қаласы тұрғындарының денсаулық жағдайын цитоморфологиялық зерттеу/Н.М. Дүзбаева, А.С. Шокабаева// Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medicine. Geography Series. - 2022. - №1. - 143-148 бет.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By