XIX-XX ғасырдың басындағы орыс жəне еуропа суретшілерінің картиналарындағы Қазақстан территориясы жəне қазақтар бейнесі
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада революцияға дейінгі Ресей империясы Қазақстан суретшілерінің тарихи өлкетануына
байланысты қосқан үлесі қарастырылған. Орынбор даласы, Ор қамалына, кейінірек Каспий теңізі
жағалауы мен Маңғыстау түбегіндегі Новопетровск бекінісіне он жылдай (1847–1857) жер
аударылған ұлы украин ақыны жəне драматург, суретші — Т.Г. Шевченконың (1814–1864 жж.) салған
суреттері мен көркем туындыларында қазақ халқының Батыс, ішінара Оңтүстік Қазақстанның жерлері
көрініс тапқан. Қазақ халқының тұрмысы мен өлкетануына тікелей қатынасы бар, ландшафттық
пейзаж, графикалық жұмыстар мен көркемөнер суреттерінің туындауына Арал (1848–1849) жəне
Қаратау экспедицияларына қатысуы себеп болған. Батыс Сібір жəне Солтүстік Қазақстанның
материалдық мəдениеті мен сəулет өнері Ресейдегі Томск қаласының пейзажист-суретшісі
П.М. Кошаровтың (1824–1902 жж.) альбомдарында суреттелген. 1852–1857 жылдары Жетісудағы
П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің экспедициясына қатысу барысында Қапал-Арасан жəне тағы басқа
минералды көздерді, Верный қаласын көркемдеген. «Эсселер, эскиздер, естеліктер» (1883),
«Түркістан. Этюд жəне натура» (1874) иллюстрациялық кітабы мен «Түркістан топтамалары» (1871–
1874) атты суреттің авторы В.В. Верещагиннің (1842–1904 жж.) көркемөнер туындыларында Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісу бейнеленген. Орыс географиялық қоғамының Жетісудағы бөлімінің
ұйымдастырушысы, Түркістан археология əуесқойларының мүшесі — Н.Г. Хлудов (1850–1935)
қарастырылып отырған мəселелерге өзінің үлесін қосты. Жетісу, Іле Алатауына арналған көркемөнер
туындыларын жарыққа шығарған. Сонымен, мақалада жоғарыда аталған суретшілердің революцияға
дейінгі еңбектері, қосқан үлесі жан-жақты қарастырылған.
Description
Keywords
Citation
Қалыш А.Б. XIX-XX ғасырдың басындағы орыс жəне еуропа суретшілерінің картиналарындағы Қазақстан территориясы жəне қазақтар бейнесі/А.Б. Қалыш//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №3. 29-38 б.