Шығыс Қазақстанның эндемигі Hedysarum theinum Krasnob. (Fabaceae) өсімдігінің экологиялық-морфологиялық ерекшеліктері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Қоршаған ортаны қорғаудың басым бағыттарын анықтауда биоалуантүрлілікті сақтау маңызды рөл атқарады. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтауда өсімдіктердің жай- күйін бағалау мен проблемаларын шешуге бағытталған көптеген стратегияларды орындауды талап етеді. Биоалуантүрлілікті сақтауда емдік қасиеті бар Hedysarum theinum Krasnob. өсімдігінің Шығыс Қазақстанда кездесетін табиғи популяцияларынан жиналған дарақтарының морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстың мақсаты болып табылады. 2020–2021 жылдары Қазақстан Алтайының Иванов жотасынан теңіз деңгейінен 1794 метр биіктікте, 50о19‘5. 969 N; 83о52’44. 270 Е GPS координаталарында кездескен эндемик шай тиынтақ өсімдігінің популяциялары барлаушылық- маршруттық зерттеу əдісімен жүзеге асырылды. Hedysarum theinum Krasnob. бұршақ (Fabaceae) тұқымдасына жататын көпжылдық, кіндік тамырлы, сабақтары түксіз, жапырақтары 4–8 жұп, күлтесі қызғылт-күлгін, тұқымдары жұмыртқа тəрізді болып келген Алтай, Орта Азия таулары мен Моңғолияның эндемигі. Шығыс Қазақстанның құнды дəрілік жəне эндемикалық өсімдіктері жеткілікті деңгейде зерттелмегендіктен, өсу ареалы қысқарған Hedysarum theinum Krasnob. түрін терең зерттеу қажеттілігі туындауда.

Description

Citation

Құсманғазинов Ə.Б. Шығыс Қазақстанның эндемигі Hedysarum theinum Krasnob. (Fabaceae) өсімдігінің экологиялық-морфологиялық ерекшеліктері/Ə.Б. Құсманғазинов, М.С. Курманбаева, Т.Қ. Қайырбеков//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series. -2021. №3. 87-94 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By