Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңнамасында заңдық терминологияларды қолдану мəселесі
| dc.contributor.author | Ілиясова, Г.А. | |
| dc.contributor.author | Əсетова, Г.Б. | |
| dc.date.accessioned | 2022-02-17T11:02:25Z | |
| dc.date.available | 2022-02-17T11:02:25Z | |
| dc.date.issued | 2021-09-30 | |
| dc.description.abstract | Мақалада 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің мемлекеттік тілдегі мəтінінде қолданылған заңдық терминологияға лингвистикалық сараптама жүргізу нəтижелері талданған. Зерттеу жүргізу мақсаты азаматтық іс жүргізу заңдарының мемлекеттік тілдегі жəне орыс тіліндегі мəтіндерінің теңтүпнұсқалығының сақталуын, қазақ тіліндегі заңдық терминдердің бірізділігін қамтамасыз ету болып табылады. Заң тілі — ресми тіл болғандықтан, бұл мəселеге бей-жай қарауға болмайды. Авторлар Азаматтық процестік кодекстің жеке баптарының мəтініне сараптама жүргізу барысында құқықтық нормаларды орыс тілінен қазақ тіліне қате аудару, мағынасыз аудару, бір терминді бірнеше нұсқада аудару секілді қателіктерді тауып, олардың дұрыс аудармаларын ұсынған, əрбір аударманы жеке негіздеп көрсеткен. Заңдардың қазақ тіліндегі мəтіндерінің түсініксіз болуы, терминдердің дұрыс емес аударылуының бірден бір себебі заң жобаларының алдымен орыс тілінде əзірленіп, кейін аз уақыт қалғанда асығыс мемлекеттік тілге аударудың нəтижесі деп түсіндіріледі. Заңдарды аудару ісімен білікті заңгерлер емес, аудармашы — тіл мамандары айналысатыны белгілі. Қорытындыда мемлекеттік тілдің мəртебесін көтерудің қажеттігі, оның бір жолы ретінде заңдарды мемлекеттік тілде қабылдау қажеттігі, заң қабылдау үрдісіне кəсіби білікті, мемлекеттік тілді еркін меңгерген заңгерлерді жұмылдыру қажеттігі негізделеді. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Ілиясова Г.А. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңнамасында заңдық терминологияларды қолдану мəселесі/Г.А. Ілиясова, Г.Б. Əсетова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №3. 127-134 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/11771 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | ҚарУ баспасы | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series.;№3(103)/2021 | |
| dc.subject | заңдық терминология | ru_RU |
| dc.subject | заңдық терминдердің бірізділігі | ru_RU |
| dc.subject | азаматтық іс жүргізу заңнамасы | ru_RU |
| dc.subject | ҚР Азаматтық процестік кодексі | ru_RU |
| dc.subject | заң тілі | ru_RU |
| dc.subject | қазақ тілі | ru_RU |
| dc.subject | заңдық техника | ru_RU |
| dc.subject | лингвистикалық сараптама | ru_RU |
| dc.title | Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңнамасында заңдық терминологияларды қолдану мəселесі | ru_RU |
| dc.title.alternative | Проблема применения юридической терминологии в современном гражданском процессуальном законодательстве | ru_RU |
| dc.title.alternative | The problem of using legal terminology in the modern civil procedural legislation | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |