Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңнамасында заңдық терминологияларды қолдану мəселесі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің мемлекеттік тілдегі мəтінінде қолданылған заңдық терминологияға лингвистикалық сараптама жүргізу нəтижелері талданған. Зерттеу жүргізу мақсаты азаматтық іс жүргізу заңдарының мемлекеттік тілдегі жəне орыс тіліндегі мəтіндерінің теңтүпнұсқалығының сақталуын, қазақ тіліндегі заңдық терминдердің бірізділігін қамтамасыз ету болып табылады. Заң тілі — ресми тіл болғандықтан, бұл мəселеге бей-жай қарауға болмайды. Авторлар Азаматтық процестік кодекстің жеке баптарының мəтініне сараптама жүргізу барысында құқықтық нормаларды орыс тілінен қазақ тіліне қате аудару, мағынасыз аудару, бір терминді бірнеше нұсқада аудару секілді қателіктерді тауып, олардың дұрыс аудармаларын ұсынған, əрбір аударманы жеке негіздеп көрсеткен. Заңдардың қазақ тіліндегі мəтіндерінің түсініксіз болуы, терминдердің дұрыс емес аударылуының бірден бір себебі заң жобаларының алдымен орыс тілінде əзірленіп, кейін аз уақыт қалғанда асығыс мемлекеттік тілге аударудың нəтижесі деп түсіндіріледі. Заңдарды аудару ісімен білікті заңгерлер емес, аудармашы — тіл мамандары айналысатыны белгілі. Қорытындыда мемлекеттік тілдің мəртебесін көтерудің қажеттігі, оның бір жолы ретінде заңдарды мемлекеттік тілде қабылдау қажеттігі, заң қабылдау үрдісіне кəсіби білікті, мемлекеттік тілді еркін меңгерген заңгерлерді жұмылдыру қажеттігі негізделеді.

Description

Citation

Ілиясова Г.А. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңнамасында заңдық терминологияларды қолдану мəселесі/Г.А. Ілиясова, Г.Б. Əсетова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №3. 127-134 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By