Өнер генетикалық мәдени кодтың көрінісі ретінде (қазақ халық биі мысалында)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада автор қазақтың дәстүрлі би-пластикалық өнері мысалында халықтың рухани құндылықтарын көрсететін генетикалық мәдени кодты зерттеу нәтижелерін ұсынған. Зерттеу әдісі ретінде автор түркі мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын дәстүрлі қазақ биінің қимыл-қозғалысы мен қол қалыптарын семиотикалық талдауды пайдаланады. Тақырыпты ашу үшін мақалада «өнер», «өнердегі бейнелі тіл», «архетип», «семантика», «семиотика» сияқты терминдердің анықтамалары мен функциялары келтірілген. Би өнерінің семиотикалық жүйе ретіндегі талдауы дене қимыл- козғалыстары арқылы көрсетілетін би тілінің вербалды емес екендігіне, биші мен хореографтың бейсаналы ойлар мен сезімдерін бейнелейтін белгілер мен символдарды қамтитындығына негізделеді. Автор ұқсас атаулы қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен қазақ биінің қимыл-қозғалыстарын салыстыра отырып, халықтың мәдени кодын көрсететін символдық формалардың семантикалық мағынасын заманауи қасиетті геометрия және ым-ишара тілі символдарына сүйене отырып түсіндіреді. Салыстырма талдауда мақала авторы қазақ ою-өрнегінің негізін дамытуда халық шеберлері үшін қайнар көз ретінде айналадағы дүниенің құбылыстары мен заттардың таңба-символдары қолданылғандығына сүйенеді. Зерттеу нәтижесінде шығыс халықтарына ғана емес, Таяу Шығыс пен Мысыр халықтарының би өнеріне де ортақ қазақ биінің элементтері анықталды. Автор бұны осы елдер мәдениеттерінің ортақ тамыры болғандығының жанама дәлелі болып табылады деп санайды. Қорытындыларды адамзаттың ДНҚ шежіресін зерттеу жұмыстары, сондай-ақ бірқатар түрколог ғалымдардың еңбектері ішінара растайды.

Description

Citation

Рамаданова Ж.Д. Өнер генетикалық мәдени кодтың көрінісі ретінде (қазақ халық биі мысалында)/Ж.Д. Рамаданова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2022. №3. 169-181 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By