Инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларды информатикаға оқыту процесін ұйымдастыру

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Бүгінде жалпы білім беру ортасы жағдайында қалыпты дамып келе жатқан балалармен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті оқыту тəжірибесі белсенді дамып келеді. Инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру бойынша зерттеулердің айтарлықтай көлемі бар болғанына қарамастан, информатика пə- нін оқытудың инклюзивтілігін қамтамасыз ету бойынша көбірек ғылыми нəтижелер əлі де қажет. Ин- клюзивті оқыту тəжірибесі жалпы білім беретін орта мектеп пен мұғалімдер алдында бірқатар мəселе- лерді тудырады. Бұл мəселелер қатарына инклюзивті сыныпта сабақты ұйымдастыру, ерекше білім бе- руді қажет ететін баланы оқыту формасын таңдау жəне басқа да оқыту мен білім беру процесін ұйым- дастыру мəселелері жатады. Мақалада жоғарыда аталған мəселелерді шешу жолдары, инклюзивті білім беру жағдайында мектеп оқушыларына информатиканы оқыту процесін ұйымдастыру формалары зерт- телген. Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуды ұйымдастыру саласындағы зерттеулердің маңыз- дылығы білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, икемді білім беру жүйесін əзірлеу қажеттілігінен туындап отыр. Авторлар мақалада жалпы білім беретін мектептің өміріне тікелей қаты- суға мүмкіндік беретін оқытудың инклюзивті нысанын жəне жеке оқыту бағдарламасы əзірленетін үйде оқытудың түрін, сондай-ақ аталған екі оқыту нысанын іске асыру кезіндегі білім беру технологияларын қолдану мүмкіндігін қарастырған.

Description

Citation

Салгараева Г.И. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларды информатикаға оқыту процесін ұйымдастыру/Г.И. Салгараева, А.С. Маханова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2022. №4. 39-48 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By