Е.А. Бөкетовтің философиясы және тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дамыту
| dc.contributor.author | Бодеев, М.Т. | |
| dc.contributor.author | Ормаш, А.М. | |
| dc.contributor.author | Идрисов, Н.К. | |
| dc.date.accessioned | 2025-12-15T04:35:00Z | |
| dc.date.available | 2025-12-15T04:35:00Z | |
| dc.date.issued | 2025 | |
| dc.description.abstract | Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту – ел болашағы үшін стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Осы тұрғыда қазақ халқының бай рухани-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып саналатын тоғызқұмалақ ойыны мен ұлт зиялыларының философиялық көзқарастары ұлттық сананы қалыптастыру мен рухани құндылықтарды жаңғыртудың пәрменді құралы ретінде қарастырылады . Зерттеу тақырыбы – «Е.А. Бөкетовтің философиясы және тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дамыту» – бүгінгі күннің талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Е.А. Бөкетов – қазақ қоғамының рухани жаңғыруы, ұлттық сананың қалыптасуы, мәдени мұра мен интеллектуалды ұлт идеясын дамытуға зор үлес қосқан ғалым әрі ойшыл тұлға. Оның философиялық еңбектері мен қоғамдық-публицистикалық көзқарастары ұлттық құндылықтарды сақтап қана қоймай, ұлттың ішкі даму динамикасын айқындауға бағытталған [1]. Сонымен қатар, сан ғасырлық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны тек зияткерлік сайыс қана емес, ол – ұрпақ тәрбиесінің мектебі, зерде мен логикалық ойлауды дамытудың ұлттық үлгісі. Бұл ойын арқылы ұлттық болмыс, салт-дәстүр мен дүниетаным сақталып, жас ұрпаққа рухани код түрінде беріледі. Осы тұрғыдан алғанда, Е.А. Бөкетовтің идеяларын тоғызқұмалақ ойынымен сабақтастыра қарастыру – ұлттық сана мен рухани құндылықтарды нығайтуға және жаңғыртуға қосылатын сүбелі үлес болып табылады. Мақсаты: Е.А. Бөкетовтің философиялық көзқарастарын талдау арқылы оларды тоғызқұмалақ ойынының тәрбиелік, зияткерлік және мәдени құндылықтарымен сабақтастыра отырып, ұлттық сананы дамытуға ықпалын айқындау. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Бодеев М.Т. Е.А. Бөкетовтің философиясы және тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дамыту / М.Т.Бодеев, А.М.Ормаш, Н.К.Идрисов // Е.А. Бөкетовтің ғылыми көкжиектері. Академик Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары бойынша еңбектер жинағы (2025 ж. 26 қыркүйек) : ғылыми электрондық басылым = Сборник трудов по материалам Международной научной конференции, посвященной 100-летию академика Е.А. Букетова. -2025. - 30-33 б. | ru_RU |
| dc.identifier.isbn | 978-601-362-386-3 | |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/21597 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасы | ru_RU |
| dc.subject | Е.А. Бөкетов | ru_RU |
| dc.subject | Е.А. Бөкетовтің философиясы | ru_RU |
| dc.subject | тоғызқұмалақ ойыны | ru_RU |
| dc.subject | ұлттық сана | ru_RU |
| dc.subject | рухани құндылықтар | ru_RU |
| dc.title | Е.А. Бөкетовтің философиясы және тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дамыту | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |