Е.А. Бөкетовтің философиясы және тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дамыту
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасы
Abstract
Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту – ел болашағы үшін
стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Осы тұрғыда қазақ халқының бай рухани-мәдени мұрасының ажырамас
бөлігі болып саналатын тоғызқұмалақ ойыны мен ұлт зиялыларының философиялық көзқарастары ұлттық сананы
қалыптастыру мен рухани құндылықтарды жаңғыртудың пәрменді құралы ретінде қарастырылады .
Зерттеу тақырыбы – «Е.А. Бөкетовтің философиясы және тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұлттық сана мен
рухани құндылықтарды дамыту» – бүгінгі күннің талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Е.А. Бөкетов – қазақ қоғамының рухани жаңғыруы, ұлттық сананың қалыптасуы, мәдени мұра мен
интеллектуалды ұлт идеясын дамытуға зор үлес қосқан ғалым әрі ойшыл тұлға. Оның философиялық еңбектері мен
қоғамдық-публицистикалық көзқарастары ұлттық құндылықтарды сақтап қана қоймай, ұлттың ішкі даму
динамикасын айқындауға бағытталған [1].
Сонымен қатар, сан ғасырлық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны тек зияткерлік сайыс қана емес, ол – ұрпақ
тәрбиесінің мектебі, зерде мен логикалық ойлауды дамытудың ұлттық үлгісі. Бұл ойын арқылы ұлттық болмыс,
салт-дәстүр мен дүниетаным сақталып, жас ұрпаққа рухани код түрінде беріледі.
Осы тұрғыдан алғанда, Е.А. Бөкетовтің идеяларын тоғызқұмалақ ойынымен сабақтастыра қарастыру –
ұлттық сана мен рухани құндылықтарды нығайтуға және жаңғыртуға қосылатын сүбелі үлес болып табылады.
Мақсаты: Е.А. Бөкетовтің философиялық көзқарастарын талдау арқылы оларды тоғызқұмалақ ойынының
тәрбиелік, зияткерлік және мәдени құндылықтарымен сабақтастыра отырып, ұлттық сананы дамытуға ықпалын
айқындау.
Description
Citation
Бодеев М.Т. Е.А. Бөкетовтің философиясы және тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дамыту / М.Т.Бодеев, А.М.Ормаш, Н.К.Идрисов // Е.А. Бөкетовтің ғылыми көкжиектері. Академик Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары бойынша еңбектер жинағы (2025 ж. 26 қыркүйек) : ғылыми электрондық басылым = Сборник трудов по материалам Международной научной конференции, посвященной 100-летию академика Е.А. Букетова. -2025. - 30-33 б.