Физиканы оқыту барысында интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада физиканы оқыту процесінде интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады. Зерттеу педагогикалық эксперимент аясында Nearpod, Lumio, Classroomscreen, Gynzy платформалары пайдаланылған және ХБ-23-1к тобының студенттерінің негізінде жүргізілді. Зерттеудің мақсаты-цифрлық білім беру құралдарының студенттердің үлгерімі мен белсенділігіне қалай әсер ететінін анықтау. Ол үшін студенттердің оқу процесіне деген қызығушылығын бағалау үшін кіру және шығу тестілері, сондай- ақ сауалнамалар ұйымдастырылды. Эксперимент нәтижелері эксперименттік топтағы орташа балл 62% - дан 90% - ға дейін, ал студенттердің қатысу деңгейі 50% - дан 80% - ға дейін өскенін көрсетті. Дәстүрлі әдістермен оқытылған бақылау тобында өсім аз болды: үлгерім бойынша 61% - дан 76% - ға дейін және қатысудың 47% - дан 45% - ға дейін төмендеуі. Зерттеу нәтижелері интерактивті технологияларды қолдану сабақтарды қызықты, көрнекі және тиімді ету арқылы оқу сапасын жақсартатынын растайды. Мақалада сонымен қатар цифрлық құралдарды білім беру процесіне біріктіру бойынша ұсыныстар берілген.

Description

Citation

Болатова Л.А. Физиканы оқыту барысында интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі / Л.А.Болатова, А.Бердикалова // Қазіргі заманғы физика ғылымының инновациялық дамуы: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер. - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. – 2025. – 280-286б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By