Академиялық дискурстағы деп аталатын синтаксистік құрылымды корпус негізінде талдау

dc.contributor.authorСəрсеке, Г.Ə.
dc.date.accessioned2026-05-29T04:46:15Z
dc.date.available2026-05-29T04:46:15Z
dc.date.issued2026-03
dc.description.abstractМақала қазақ тіліндегі көмекші етістіктің де тұлғасы арқылы жасалған деп аталатын синтаксистік құрылымды корпус негізінде талдаудың нəтижелерімен бөліседі. Зерттеу жұмысының мақсаты — деп аталатын синтаксистік құрылымының қолданылу жиілігін, атқаратын қызметін, құрылымдық жəне мағыналық ерекшеліктерін қазіргі қазақ тілінің жазба академиялық дискурсы аясында корпус негізінде кешенді түрде талдау. Зерттеу материалдары цифрлық гуманитарлық ғылымдар аясында академиялық қазақ тілінің корпусын əзірлеу жобасы барысында тарих пəнінен жиналған деректерден алынды. Деректерде академиялық мəтіндер, атап айтқанда оқулықтар мен оқу құралдары, моногра- фиялар мен диссертациялар, мақалалар мен баяндамалар, тезистер мен абстрактылар қамтылды. Деректердегі деп аталатын құрылымның қолданылу жиілігі мен қызметіне лингвистикалық жəне функционалдық талдау беріледі. Зерттеу жұмысы корпусқа негізделген лингвистикалық талдау əдісімен жүргізілді. Жинақталған академиялық мəтіндерге сандық жəне сапалық талдау жасау үшін AntConc бағдарламасы қолданылды. Деп аталатын синтаксистік құрылымның академиялық дискурстағы қолданылу жиілігі аталған құрылымның көркем мəтін дискурсындағы жиілігімен салы- стырыла анықталды. Бұл салыстырмалы талдау аталған құрылымның академиялық дискурстағы функционалдық қызметі мен ерекшеліктерін тереңірек сипаттауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының маңызы — деп аталатын синтаксистік құрылымның алғаш рет табиғи тілдің деректеріне сүйене отырып корпусқа негізделген əдіспен зерттелуінде. Сонымен қатар аталған құрылымның академиялық дискурстағы қызметін жүйелі түрде талдау арқылы академиялық қазақ тілінің функционалдық ерекшеліктерін анықтау, оның ғылыми мəтіндердегі орны мен маңызын белгілеу зерттеудің өзектілігін арттыра түседі. Зерттеудің болжамы (гипотезасы). Зерттеу жұмысы барысында деп аталатын синтаксистік құрылымының академиялық мəтіндерде жоғары жиілікпен қолданылатын, тілдік тұрғыдан функционалдық жүктемесі жоғары құрылымдардың бірі екендігі жөнінде болжам жа- салды. Аталған құрылым ғылыми стильге тəн дəлдік, анықтама беру, жүйелеу, атау ұсыну, нақтылау, сипаттау сынды қызметтерді атқара отырып, академиялық дискурстың негізгі құрылымдық элементтерінің біріне айналған деп топшылаймыз. Зерттеу нəтижелері деп аталатын синтаксистік құрылымының академиялық дискурста жиі қолданылатын тұрақты құрылым екенін көрсетті. Соны- мен қатар бұл құрылым ғылыми мəтінде атау жəне сипаттау мəнін білдіретін, яғни белгілі бір ұғымға, нысанға немесе құбылысқа атаулық сипат беру арқылы модификаторлық қызмет атқаратын синтаксистік бірлік ретінде танылды. Аталған құрылымның бұл ерекшелігі академиялық тілдегі нақтылау, дəлдік пен жүйелілік талаптарын қамтамасыз етуге ықпал ететінін дəлелдейді.ru_RU
dc.identifier.citationСəрсеке Г.Ə. Академиялық дискурстағы деп аталатын синтаксистік құрылымды корпус негізінде талдау/Г.Ə. Сəрсеке//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2026. 59-68 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22714
dc.language.isootherru_RU
dc.publisher«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№1(121)/2026
dc.subjectдеп аталатынru_RU
dc.subjectсинтаксистік құрылымru_RU
dc.subjectакадемиялық мəтінru_RU
dc.subjectқолданылу жиілігіru_RU
dc.subjectкорпусru_RU
dc.subjectкорпус негізінде талдауru_RU
dc.titleАкадемиялық дискурстағы деп аталатын синтаксистік құрылымды корпус негізінде талдауru_RU
dc.title.alternativeКорпусный анализ синтаксической структуры деп аталатын в академическом дискурсеru_RU
dc.title.alternativeA corpus-based analysis of the syntactic structure of dep atalатын in academic discourseru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-59-68.pdf
Size:
1.09 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: