Академиялық дискурстағы деп аталатын синтаксистік құрылымды корпус негізінде талдау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Мақала қазақ тіліндегі көмекші етістіктің де тұлғасы арқылы жасалған деп аталатын синтаксистік құрылымды корпус негізінде талдаудың нəтижелерімен бөліседі. Зерттеу жұмысының мақсаты — деп аталатын синтаксистік құрылымының қолданылу жиілігін, атқаратын қызметін, құрылымдық жəне мағыналық ерекшеліктерін қазіргі қазақ тілінің жазба академиялық дискурсы аясында корпус негізінде кешенді түрде талдау. Зерттеу материалдары цифрлық гуманитарлық ғылымдар аясында академиялық қазақ тілінің корпусын əзірлеу жобасы барысында тарих пəнінен жиналған деректерден алынды. Деректерде академиялық мəтіндер, атап айтқанда оқулықтар мен оқу құралдары, моногра- фиялар мен диссертациялар, мақалалар мен баяндамалар, тезистер мен абстрактылар қамтылды. Деректердегі деп аталатын құрылымның қолданылу жиілігі мен қызметіне лингвистикалық жəне функционалдық талдау беріледі. Зерттеу жұмысы корпусқа негізделген лингвистикалық талдау əдісімен жүргізілді. Жинақталған академиялық мəтіндерге сандық жəне сапалық талдау жасау үшін AntConc бағдарламасы қолданылды. Деп аталатын синтаксистік құрылымның академиялық дискурстағы қолданылу жиілігі аталған құрылымның көркем мəтін дискурсындағы жиілігімен салы- стырыла анықталды. Бұл салыстырмалы талдау аталған құрылымның академиялық дискурстағы функционалдық қызметі мен ерекшеліктерін тереңірек сипаттауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының маңызы — деп аталатын синтаксистік құрылымның алғаш рет табиғи тілдің деректеріне сүйене отырып корпусқа негізделген əдіспен зерттелуінде. Сонымен қатар аталған құрылымның академиялық дискурстағы қызметін жүйелі түрде талдау арқылы академиялық қазақ тілінің функционалдық ерекшеліктерін анықтау, оның ғылыми мəтіндердегі орны мен маңызын белгілеу зерттеудің өзектілігін арттыра түседі. Зерттеудің болжамы (гипотезасы). Зерттеу жұмысы барысында деп аталатын синтаксистік құрылымының академиялық мəтіндерде жоғары жиілікпен қолданылатын, тілдік тұрғыдан функционалдық жүктемесі жоғары құрылымдардың бірі екендігі жөнінде болжам жа- салды. Аталған құрылым ғылыми стильге тəн дəлдік, анықтама беру, жүйелеу, атау ұсыну, нақтылау, сипаттау сынды қызметтерді атқара отырып, академиялық дискурстың негізгі құрылымдық элементтерінің біріне айналған деп топшылаймыз. Зерттеу нəтижелері деп аталатын синтаксистік құрылымының академиялық дискурста жиі қолданылатын тұрақты құрылым екенін көрсетті. Соны- мен қатар бұл құрылым ғылыми мəтінде атау жəне сипаттау мəнін білдіретін, яғни белгілі бір ұғымға, нысанға немесе құбылысқа атаулық сипат беру арқылы модификаторлық қызмет атқаратын синтаксистік бірлік ретінде танылды. Аталған құрылымның бұл ерекшелігі академиялық тілдегі нақтылау, дəлдік пен жүйелілік талаптарын қамтамасыз етуге ықпал ететінін дəлелдейді.

Description

Citation

Сəрсеке Г.Ə. Академиялық дискурстағы деп аталатын синтаксистік құрылымды корпус негізінде талдау/Г.Ə. Сəрсеке//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2026. 59-68 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By