Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында психогимнастикаға деген сұранысты бағалау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Психогимнастика бала тұлғасының барлық психикалық процестерінің дамуына әсер ету тұрғысынан
өзін әмбебап әдіс ретінде көрсетті. Зерттеудің мақсаты — Қазақстан Республикасының қазіргі
заманғы мектепке дейінгі ұйымдарында (бұдан әрі — ҚР МДҰ) психогимнастикаға сұранысты
бағалау. Авторлар бұл бағалауды анықтауда механизмнің жоқтығына және оны әзірлеу қажеттілігіне
назар аударады, бұл зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығын көрсетеді. ҚР МДҰ
психогимнастикаға сұранысты бағалаудың негізгі әдістерін әдебиеттік талдау және Ақтөбе
облысының 117 мектепке дейінгі тәрбиешілерінің арасында сауалнама жүргізу. Сауалнама нәтижелері
тәжірибеде психогимнастикаға сұраныстың (пайдаланудың) төмен деңгейін көрсетеді.
Психогимнастиканы практикада қолданудың төмен деңгейінің екі негізгі себебі анықталды:
1) тәрбиешілер психогимнастиканы ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін толық меңгермеген,
сондықтан оның артықшылықтары мен қолдану тиімділігі туралы білімі жоқ; 2) психогимастика
бойынша теориялық және практикалық материал орыс тілінде әзірленген, сондықтан этномәдени
ерекшеліктерді ескеру қажет (ұлттық ойындар, ұлттық ертегілер, батырлар және т.б.).
Психогимнастикаға сұраныс деңгейін тәжірибеде арттыру үшін тәрбиешілер психогимнастиканың
мүмкіндіктерін толық білуі және оны қолдана білу дағдысы болуы керек.
Description
Citation
Рысқұлова А.Ә. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында психогимнастикаға деген сұранысты бағалау / А.Ә. Рысқұлова, Ж.А. Майдангалиева, Г.А. Кузембаева // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024. – Vol.29. – № 3(115). – б. 34-44.