Жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың педагогикалық шарттары
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала Қазақстандағы студенттердің еріктілер қозғалысын дамыту мәселесіне және зерттеу үдерісінің
педагогикалық шарттарына арналған. Қазақстанда және шетелде волонтерлікті дамытудың тарихи ал-
ғышарттары қаралды, сондай-ақ кәсіптік оқыту үдерісінде инклюзивті білім беру жағдайында жоғары
оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың тұжырымдамалық негіздері айқындалды.
Ешқандай қоғам жақсылық пен мейірімділіктің моральдық мұраттарынсыз тиімді дами алмайтыны
анық. Инклюзивті білім беру шеңберінде университет студенттерін волонтерлік қызметке даярлау
үдерісін сәтті қамтамасыз ететін педагогикалық факторлар анықталды. Мақалада болашақ маманның
жеке қалыптасуы, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде оқытушылардың тұлғаға бағытталған
қызметі, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде қолайлы психологиялық ахуал жасау сияқты фак-
торларды анықтайды. Бұл жағдайда зерттелетін үдерістің педагогикалық шарттары анықталады. Сту-
денттерді волонтерлік қызметке даярлаудың тиімділігі барлық анықталған факторларды көрсететін
жағдай жасауға байланысты деп тұжырымдалған. Философиялық және педагогикалық әдебиетке шо-
лу жасап, еріктілер қозғалысының қалыптасу тарихын зерттей отырып, авторлар мейірімділік пен
жақсылық, «ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар» сияқты ұғымдардың мәнін нақтылайды. Ма-
қалада авторлар жинақталған тәжірибені жүйелеуге, алынған мәліметтерді жинақтауға және инклю-
зивті білім беру жағдайында студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың тиімділігі барлық анық-
талған факторларды көрсететін жағдай жасауға байланысты деген қорытынды жасауға әрекет жасады.
Description
Citation
Абильдина С.К. Жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың педагогикалық шарттары/С.К. Абильдина [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. №3. 7-13 б.