Орталық Қазақстанның шағын аймақтарына табиғи-антропогендік факторларының әcepi (Ақтоғай мысалында).
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
География ғылымында қоршаған ортаның табиғатын бағдарлау және де сол жерлердің экологиясын жақсарту аса маңызды және күрделі мәселе. Қазіргі кезде ауылдық жерлердің табиғаты әр түрлі өзгерістерді басынан кешіруде. Осыған байланысты мемлекет соңғы жылдары ауылды жерлердің көркеюіне ерекше көңіл бөлуде. Ауылдық жерлердің табиғатын, экологиясын жақсарту әр мемлекеттің өзіндік міндеттері. Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) негізінен экологиялық жағынан ластанған аймаққа жатады. Себебі халық денсаулығына кері әсер ететін басты факторларға Семей полигоны, уран рудниктерінің және Байқоңыр зымырандарының космостық пен баллистикалық жолдарының ашылуы жатады. Осы факторлар Ақтогай ауданының өсімдіктеріне, жануарларына, өзен суларына, аумактық жерлеріне де кері әсер етеді. Қазір Ақтоғай жерінің суы, топырағы, өсімдіктері және жан-жануарлары көптеген өзгеріске түскен. Ауданда тоғай өте үлкен көлемде болатын, бірақ қазір ол тоғай айтарлықтай дәрежеде езгерген. Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Description
Citation
Акпамбетова К.М., Буланбаева Д.М. Орталық Қазақстанның шағын аймақтарына табиғи-антропогендік факторларының әcepi (Ақтоғай мысалында)./ К.М. Акпамбетова , Д.М. Буланбаева// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 163-168 б.