Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда география сабақтарын құрылымдау технологиясы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

NLC “Karaganda National Research University named after аcademician Ye.A. Buketov"

Abstract

Мақалада функционалды сауаттылықты қалыптастыруда география сабақтарын құрылымдау технологиясының педагогикалық әлеуетін айқындауға арналған. Қазіргі білім беру жүйесінде функционалды сауаттылық білім алушылардың алған білімін күнделікті өмірде, әлеуметтік экономикалық және кәсіби жағдаяттарда тиімді қолдана алу қабілетімен сипатталады. Осы тұрғыдан алғанда, география пәні табиғи, әлеуметтік және экономикалық үдерістерді кешенді түрде түсіндіру арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда маңызды орын алады. Зерттеуде география сабақтарын құрылымдаудың заманауи технологиялары қарастырылған. Атап айтқанда, сабақтың мақсат қою, проблемалық жағдаят тудыру, ақпаратты талдау, практикалық қолдану және рефлексия кезеңдерін жүйелі ұйымдастыру жолдары ұсынылған. Құрылымдау технологиясы білім алушылардың сыни ойлауын, кеңістіктік талдау дағдыларын, картамен, статистикалық деректермен жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу барысында функционалды сауаттылықтың құрамдас бөліктері — ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік және зерттеушілік құзыреттерді география сабақтарында қалыптастырудың әдістемелік тетіктері айқындалды. Зерттеу нәтижелері география пәні мұғалімдерінің тәжірибесінде, оқу бағдарламаларын жетілдіруде және білім беру процесінің сапасын арттыруда қолдануға бағытталған.

Description

Citation

Ербол Д. Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда география сабақтарын құрылымдау технологиясы /Д. Ербол //Geography and Sustainable Development. -2026. № 1(2) - P.24-32.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By