Жамбыл облысы, Шу ауданы өңірінің жер-су атаулары: тарихи-мәдени және лингвистикалық талдау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл жұмыста Жамбыл облысы Шу ауданы аумағындағы жер-су атауларының
(топонимдердің) шығу тегі мен олардың қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады. Шу өңірінің
топонимдік жүйесі көне түркі тайпаларының қоныстану аймақтарынан бастап, Қазақ хандығының
351
құрылу кезеңі, ортағасырлық қалалардың мәдени әсері және кейінгі кеңестік-шаруашылық дәуірлерге
дейінгі тарихи қабаттарды қамтиды. Ақсу, Көктөбе, Еспе, Көкқайнар, Ақтасты, Белбасар, Ескішеу,
Жайсан сияқты табиғи сипатқа негізделген атаулар өңірдің ландшафтық ерекшеліктерін бейнелесе,
Бәйдібек, Балуан Шолақ, Конаев, Оразалы батыр, Жиенбет секілді антропонимдер жергілікті тарихи
тұлғалардың ізімен байланысты. Жаңажол, Бірлік, Еңбекші, Зверохозяйство тәрізді атаулар ауданның
кеңестік кезеңдегі әлеуметтік-шаруашылық дамуын көрсетеді.Зерттеу нәтижелері Шу топонимдерінің
табиғи орта,этникалық құрылым,тарихи оқиғалар және мәдени жадпен тығыз байланыста
қалыптасқанын дәлелдейді. Жұмыс материалдары өлкетану, тіл білімі, тарих, география пәндері мен
ономастикалық зерттеулерде қолдануға тиімді.
Description
Citation
Сұлтан Д.Ж. Жамбыл облысы, Шу ауданы өңірінің жер-су атаулары: тарихи-мәдени және лингвистикалық талдау/Д.Ж. Сұлтан//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 350-354 б.