Жамбыл облысы, Шу ауданы өңірінің жер-су атаулары: тарихи-мәдени және лингвистикалық талдау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Бұл жұмыста Жамбыл облысы Шу ауданы аумағындағы жер-су атауларының (топонимдердің) шығу тегі мен олардың қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады. Шу өңірінің топонимдік жүйесі көне түркі тайпаларының қоныстану аймақтарынан бастап, Қазақ хандығының 351 құрылу кезеңі, ортағасырлық қалалардың мәдени әсері және кейінгі кеңестік-шаруашылық дәуірлерге дейінгі тарихи қабаттарды қамтиды. Ақсу, Көктөбе, Еспе, Көкқайнар, Ақтасты, Белбасар, Ескішеу, Жайсан сияқты табиғи сипатқа негізделген атаулар өңірдің ландшафтық ерекшеліктерін бейнелесе, Бәйдібек, Балуан Шолақ, Конаев, Оразалы батыр, Жиенбет секілді антропонимдер жергілікті тарихи тұлғалардың ізімен байланысты. Жаңажол, Бірлік, Еңбекші, Зверохозяйство тәрізді атаулар ауданның кеңестік кезеңдегі әлеуметтік-шаруашылық дамуын көрсетеді.Зерттеу нәтижелері Шу топонимдерінің табиғи орта,этникалық құрылым,тарихи оқиғалар және мәдени жадпен тығыз байланыста қалыптасқанын дәлелдейді. Жұмыс материалдары өлкетану, тіл білімі, тарих, география пәндері мен ономастикалық зерттеулерде қолдануға тиімді.

Description

Citation

Сұлтан Д.Ж. Жамбыл облысы, Шу ауданы өңірінің жер-су атаулары: тарихи-мәдени және лингвистикалық талдау/Д.Ж. Сұлтан//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 350-354 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By