Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету мәселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада ғылыми зерттеу тақырыбының аясында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндеріне жүргізілген салыстырмалы лингвистикалық-құқықтық сараптама қорытындысының нәтижелері талданған. Автор аталмыш заңның қазақ тіліндегі мәтініндегі заңдық терминдердің аудармаларының мағынасының сәйкессіздігіне, сөйлемдердің қате аудармасының нәтижесінде теріс түсінік беретін нормаларға назар аударады. Зерттеудің мақсаты — Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру бойынша салыстырмалы линвистикалық-құқықтық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша заңдық терминдердің аудармасындағы сәйкессіздіктерді айқындау, заңдық терминологияның дұрыс аудармасын ұсыну болып табылады. Қазақ тіліндегі заңдық терминдердің ортақ біріздендірілген сөздігі қабылданбаған, сол себепті заңдардың мәтіндері әртүрлі терминдерді қолдана отырып аударылады, бұл құқық нормаларын қате түсінуге әкеледі. Зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру арқылы заңдардың сапасын қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеп берді, сондай-ақ азаматтық заңдардың мемлекеттік тілдегі сапасын қамтамасыз етудің теориясы мен тәжірибесінің проблемаларын айқындау жолымен заңдық техниканы қолданудың тиімді механизмін қалыптастыру қажет. Мақалада автор заңдардың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тілдегі үлгі сөздігін құрастыру қажет деп қорытындылайды.

Description

Citation

Ильясова Г.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету мәселелері/Г.А.Ильясова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №3. Б. 71-78.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By