Мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелердi зерттеу. Соңғы жарияланған статистикалық көрсеткiштердi көрсету. Әдiстерi: Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негiзi — мақаланың тақырыбына қатысты заңнамалык актiлер, нормативтiк кұжаттар. Fылыми мақаланы жазу үшiн акпарат көзі оку әдебиетi, осы саладағы iрi ғалымдардың iргелi теориялық еңбектерi, көрнектi отандық және шетелдік авторлардың практикалық зерттеулерiнiң нәтижелерi, мемлекеттік басқару тақырыбына арналған арнайы әдебиеттер мен мерзiмдi басылымдардағы мақалалар мен шолулар пайдаланылды. Нәтижесі: Мақалада жалпы мәселелер қарастырылған. Негізгі ұғымдар айқындалды, мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеудiң өзектiлiгi мен практикалық маңыздылығы аныкталды. Мемлекеттiк сатып алу үдерiсiндегi негiзгi қателiктер көрсетілді. Мемлекеттiк сатып алу туралы жазылған авторлардың еңбектерiне және әлемдiк тәжірибеге шолу жасалды. Қорытынды: Жекелеген деректер негiзiнде қазіргі жай-күйге талдау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды дамытудың перспективалары мен үрдiстерiне талдау жүргiзiлдi. Мемлекеттік сатып алу туралы заң қабылданған сәттен бастап оған 20 рет, оның iшiнде ағымдағы жылдың басынан бастап төрт рет өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлдi. Қазакстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жүйесі жыл сайын өзгерiп отыратындықтан, осы саладағы қатынастарды реттеудi оңтайландыру мақсатында ұсыныстар берiлген.

Description

Citation

Мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер/Асанова М.К. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 4(108). – 144-152 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By