Мүдделі тараптар теориясын негізге ала отырып, университет имиджін бағалау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Мақсаты: Университет имиджін қарастыру кезінде имиджді түсінудің тәсілдерін көрсету. Ұйым имиджін оның бәсекеге қабілеттілігімен байланыстыру идеясын түсіндіру және ғылыми зерттеулер көрсеткендей, имидждің негізгі қызметі – біреуге немесе бір нәрсеге оң көзқарас қалыптастыру. Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін оның имиджінің көмегімен басқаруға мүмкіндік беретін шаралар кешенін дәлелдеу.
Әдісі: Авторлар бірқатар әдістерді қолданды: талдау, стратегиялық талдау, мүдделі тараптарды талдау, фокус–топтық әдіс, имидж қалыптастырушы фактордың бәсекеге қабілеттілік коэффициентін есептеу, графикалық әдіс. Осы әдістерді қолдану арқылы нақты университеттің бәсекеге қабілеттілігінің жалпы коэффициенті есептеп шығарылған.
Қорытынды: Нақты университеттің бәсекеге қабілеттілігінің жалпы коэффициентін есептеп көргенде, нәтижесінде бұл көрсеткіш бірден төмен болды. Яғни, зерттелген жоғарғы оқу орнының имиджі мақсаттық көрсеткішке сәйкес болмай шықты. Осылайша бұл коэффициент имидж қалыптастырушы элементтер тұрғысынан қарағанда университеттің бәсекеге қабілеттілігін немесе керісінше олай еместігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тұжырымдама: Алынған мәліметтерге сәйкес, жұмыс жақын арада басталуы керек деген имидж қалыптастыратын аймақтар анықталды, өйткені олар бір жағынан студенттер үшін маңызды, ал екінші жағынан бәсекеге қабілеттілік коэффициентін зерттеуге қажет.
Description
Keywords
Citation
Бекебаева М.О. Мүдделі тараптар теориясын негізге ала отырып, университет имиджін бағалау/М.О. Бекебаева, К.М. Калыкулов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. - 2022. - №1. - 195-203 бет.