Жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім бе- рудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде құрастырылған «Ағылшын тілі» оқу курсының авторлық бағдарламасының үзіндісі келтіріл- ген. Бағдарлама 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету мақсатында жалпы білім беру мекеме- лерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ тиісті мамандықтардың жоғары және орта арнаулы оқу орында- рының студенттеріне арналған. Бағдарламаға жұмыс дәптері мен интерактивті тапсырмалар жинағы қоса беріледі. Бағдарламаның ауқымы қосымша материал ретінде ағылшын тіліндегі негізгі сабақтар- ды да, қосымша сабақтарды да қамтуы мүмкін. Бағдарлама балаларды оқытуға қойылатын барлық за- манауи талаптарға жауап береді және балалардың ағылшын тіліндегі коммуникативті дағдыларын, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Орта білім беру ме- кемелерінде 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудің авторлық бағдарламасы, 1-сынып оқу- шыларына ағылшын тілін оқытуға арналған жұмыс дәптерінен, сондай-ақ Activinspire бағдарламасы негізінде жасалған интерактивті тапсырмаларынан тұратын дисктен құралған. Аталмыш бағдарлама балаларға өткен материалды ойын түрінде бекітуге және жаңа оқу материалын оңай игеруге көмекте- седі. Бұл бағдарламада білім беру ұйымы жағдайында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізудің дәс- түрлі және инновациялық нысандары ұсынылған.

Description

Citation

Каримова Г.С. Жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы/Г.С. Каримова, П.З. Ишанов, Т.М. Алмас//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. №3. 143-153 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By