Эмотивті лингвоэкология және ұлттық концептілер: қазақ паремиологиясына эмотивті-прагматикалық көзқарас
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада қазақ тілінің паремиологиялық бірліктері эмотивті лингвоэкология аспектісінде
қарастырылып, ұлттық педагогиканың «Ұят болмасын», «Жаман болмасын», «Обал болмасын»
концептілерінің мәдени код ретіндегі мәні лингвомәдени мазмұндағы мақалдар арқылы беріледі.
Ұлттың келбетінің, тыныс-тіршілігінің, болмысының ерекшелігі фольклорлық мәтіндерден, нақыл
сөздер мен мақал-мәтелдерден неғұрлым айқын және нақты көрінеді. ХХІ ғасыр париемологиясы
дәстүрлі құрылымдық бағыттан ауытқып, тілдің функционалды-прагматикалық сипатына
қызығушылықтың артуымен сипатталады. Мақалды прагматикалық тұрғыдан қарастыру арқылы
мақал-мәтелдің танымдық табиғаты мен коммуникативтілік құндылығы, яғни не үшін айтылғаны
контексі арқылы нақтыланады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі ғалымдар арасында мақал-
мәтелдердің эмоцияға әсер ету әсеріне қарай коммуникативтік-прагматикалық аспектілерде
зерттелуінің қажеттілігімен айқындалады. Жұмыс мақсатына байланысты мақалдың рухани мағынасы
сол сөзді қолданушы халықтың мінез-құлқы және тағдырымен терең тамырласып, астарласқан
лингвоэтноұлттық болмыс пен сана-сезімді қарастыратын эмотивті лингвоэкология аясында
зерттеледі. Сөздің күші, оның құдіреті айналадағы биосферамен, тірі табиғатпен байланысты, яғни
эмотивті лингвоэкология — эмоцияға толы, жағымды немесе жағымсыз реңктегі сөздер мен
құрылымдардың қоғам мен тіл кеңістігіне әсерін зерттейді. Бұл бағыт тілдің эмоционалдық
мәдениетін және оның экологиялық тепе-теңдігін сақтауға тырысады. Мақал-мәтелдер —
экологиялық таза тілдік құрал. Олар қоршаған ортаны, қарым-қатынасты жақсартып, тілді жағымсыз
ластанудан қорғайды. Мақал-мәтелдер арқылы жастарды тіл мәдениетіне тәрбиелеуге болады, бұл —
эмотивті лингвоэкология үшін өте маңызды. Зерттеуде семантикалық, прагматикалық-
коммуникативтік талдау және этикалық құндылықтарды мәдени талдау әдістері қолданылды.
Эмотивті лингвоэкология лингвомәдениеттанудың жалпы ережелеріне сүйенгендіктен, «Ұят болады»,
«Жаман болады», «Обал болады» концептілері эмотивті сезім тудыратын экологиялық мақал-
мәтелдер концептосферасы арқылы вербалданады. Мақал-мәтелдерді зерттеуде бұл жаңа ізденіс.
Қоғамда орын алып отырған әлеуметтік жағдайларға сәйкес ғасырлар бойғы санамызда жатталған сөз
өрнектерін тіл экологиясы тұрғысынан, мақалдың қаншалықты қоғамда танымал және қолданыста
екендігін, яғни оның прагматикалық маңызын анықтау мақсатында жастар арасында эмпирикалық
зерттеу ұйымдастырылды. Сауалнама, интервью түрінде жүргізілген эмпирикалық зерттеу тікелей
респонденттердің білімі мен өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, мақалдың күнделікті қолданысы туралы
мәлімет студенттер мен оқытушылардың жауаптарынан жиналған деректерге негізделді. Сауалнамада
қолданылған тапсырмалардың сандық нәтижелері жұмыста ұсынылған. Болашақ зерттеулерге ұсыныс
ойлар тұжырымдалған.
Description
Citation
Омарбекова Г. Эмотивті лингвоэкология және ұлттық концептілер: қазақ паремиологиясына эмотивті-прагматикалық көзқарас/Г. Омарбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №4. 96-105 б.