Дәрілік өсімдіктер Origanum vulgare L. және Salvia officinalis L. тұқымдарының in vitro жағдайындағы өнгішт

dc.contributor.authorДосымбетова, С.А.
dc.contributor.authorАмирова, А.К.
dc.contributor.authorКурбангалиева, Т.А.
dc.contributor.authorАбдреш, Х.Ж.
dc.contributor.authorКуртибаева, Г.Р.
dc.date.accessioned2021-09-21T05:09:09Z
dc.date.available2021-09-21T05:09:09Z
dc.date.issued2021-06-30
dc.description.abstractБиоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесі бүкіләлем елдері үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Биологиялық ресурстардың тұрақтылығын қолдау үшін оларды ұдайы өндірудің жеткілікті жоғары дамыған базасы қажет, ал бұл өз кезегінде табиғи ортада да, сондай-ақ оларды мәдени жағдайға енгізу кезінде де жекелеген организмдердің даму ерекшеліктерін алдын ала зерттеуді талап етеді. Татымды-хош иісті өсімдіктер ішінде Lamiaceae Lindl. тұқымдасы ерекше орынға ие. Бұл тұқымдас медицинада, сонымен қатар халық медицинасында және тағам, иіссу- косметикалық өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын дәрілік және эфир майлы өсімдіктерге бай. Осындай өсімдіктер қатарына Origanum vulgare және Salvia officinalis жатады. Сонымен қатар бұл екі өсімдік түрі де жануарлар жеміне фитобиотик ретінде қосылады. Зерттеу жұмысының мақсаты — Origanum vulgare L. және Salvia officinalis L. тұқымдарын залалсыздандырудың оңтайлы нұсқасын анықтау, in vitro жағдайдағы өнгіштігін анықтап, асептикалық өсінді алу. Мақалада дәрілік өсімдіктер Origanum vulgare және Salvia officinalis тұқымдарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді және залалсыздандыру тәсілдерінің тұқымның өнгіштігіне әсері зерттелінді. In vitro өсіру үшін бастапқы өсімдік материалынан асептикалық, зақымдалмаған таза өсінді алынып, аталған дәрілік өсімдік тұқымдарын залалсыздандыру тәсілінің ең оңтайлысы таңдалып алынды. Origanum vulgare тұқымын залалсыздандырудың ең тиімдісі тұқымдарды 70 % этанолмен 1 мин және 1 %-дық натрий гипохлоридімен (NaOCl) 5 мин бойы өңдегенде байқалды, асептикалық тұқым көрсеткіші 93,6 % және тұқымның өнгіштігі 97,2 %-ды құрады. Ал, Salvia officinalis өсімдігінің тұқымдарын залалсыздандыру кезінде асептикалық және өнген тұқымдардың ең жақсы үйлесімі тұқымдарды 70 % этанолмен 5 мин және 5 %-дық натрий гипохлоридімен (NaOCl) 30 мин бойы өңдегенде байқалды: тұқым тазалығы 97 %, ал өнгіштік проценті 92,5 % құрады.ru_RU
dc.identifier.citationДосымбетова С.А. Дәрілік өсімдіктер Origanum vulgare L. және Salvia officinalis L. тұқымдарының in vitro жағдайындағы өнгіштігі/С.А. Досымбетова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series. -2021. №2. 23-29 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz/xmlui/handle/data/11031
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherҚарУ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series.;№2(102)/2021
dc.subjectOriganum vulgare L.ru_RU
dc.subjectSalvia officinalis L.ru_RU
dc.subjectзалалсыздандыруru_RU
dc.subjectасептикалық өсінді (культура)ru_RU
dc.subjectin vitro-дағы тұқымның өнгіштігіru_RU
dc.titleДәрілік өсімдіктер Origanum vulgare L. және Salvia officinalis L. тұқымдарының in vitro жағдайындағы өнгіштru_RU
dc.title.alternativeВсхожесть семян лекарственных растений Origanum vulgare L. и Salvia officinalis L. в условиях in vitroru_RU
dc.title.alternativeGermination of seeds of medicinal plants Origanum vulgare L. and Salvia officinalis L. in vitroru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Био-2021-2-23-29.pdf
Size:
1.41 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: