Жаһандану жағдайында жоғары оқу орындарын басқарудың модельдері: тарихи-құқықтық аспектілері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне ұлттық университеттерде басқару жүйесін трансформациялаудағы мемлекеттің саясаты жəне оның жүзеге асырылу үрдісі талқыланған. Зерттеу жұмысының нəтижесінде ұлттық жəне мемлекеттік университеттерде басқарудың сенімгерлік моделі көрініс табатыны анықталған, сондай-ақ, корпоративтік басқару моделінің теориялық жəне тəжірибелік маңыздылығы қарастырылған. Корпоративтік жəне өзге де алқалы басқару органдарының генезисін тереңірек ашу мақсатында тарихи-теориялық əдістер қолданылған, Англияның жоғары оқу орындарының басқару жүйесінің қалыптасуына тарихи талдау жасалған, реформаларға негіз болған басты актілерге сипаттама берілген. Зерттеу барысында еліміздің университеттерінде орын алып отырған нарықтық бағыттағы өзгерістерді жəне соған тиісті басқару əдістерін талқылау мақсатында шетелдік тəжірибе мен ғылыми əдебиетке қысқаша шолу жасалған. Неолиберализм идеяларының білім саласына енгізілуге қатысты атақты экономистердің ғылыми еңбектеріне сілтеме жасалып, теориялық көзқарастары талданған. Жұмыстың нəтижесін жасау барысында университетті басқару əдісін талдауда теориялық негіз ретінде австралиялық заңгер ғалымның басқару модельдері қарастырылған жəне осы қатынастарда басшылыққа алынатын экономикалық теориялар сипатталған. Байқаушы кеңестердің ағымдағы жағдайын суреттеу үшін екі университеттің ресми сайтынан ақпараттар алынып, қысқаша талдау жасалған, оның жағымды жақтары мен кемшіліктері анықталған. Еліміздің ұлттық жəне мемлекеттік университеттерінің басқару органдарын жетілдіруге қатысты жекелеген ұсыныстар берілген.

Description

Citation

Амандықова С.К. Жаһандану жағдайында жоғары оқу орындарын басқарудың модельдері: тарихи-құқықтық аспектілері/С.К. Амандықова, Б.О. Алтынбасов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика = Bulletin of the Karaganda university. Law Series. -2020. №2. 49-61 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By