Приозерсктің қалалық кеңістігін мәдени-философиялық талдау: полигон орталығынан мәдени және тарихи жадты қайта жаңғыртуға дейін

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада посткеңестік қалалардың қайта құрылу үрдісін жүзеге асырудағы ревитализация, реновация және джентрификация тәсілдері зерделенген. Бұл тәсілдер қала кеңістігін қалпына келтіру мен жаңарту үрдісін іске асыруда тарихи оқиға мен мәдени жадты жаңғырту құралдарын пайдаланады. Осы тәсілдерді мәдени-философиялық тұрғыда зерделеуге себеп болған «әлемдік жады» мәселесі. Ол «ұмыту», «жойылу», «жарақат» сияқты ұғымдармен байланысты күрделі мәселелерді қамтиды. Соның бірі қазақ жеріндегі жарақатты жадыға айналған полигон орындары. Бір кездері әскери немесе өндірістік хаб ретінде қызмет еткен қалалар жойылғаннан кейін жаңа шындыққа, жаңа сұранысқа бейімделу қажеттілігіне тап болды. Сондай қалалардың бірі ― Приозерск қаласы. Бұл жер әртүрлі әскери сынақтардың орталығы болды. Кеңес Одағының ыдырауымен және сынақтардың тоқтатылуымен Приозерск тарих пен мәдениеттегі орнын қайта қарау міндетін алдына қойды. Қаланың кеңістігі «травмалық» жадты алып жүр. Оның дәлелі ― қаланың әскери функционалдығы. Қала аумағында жүргізілген полигондық сынақтар тек физикалық кеңістікте ғана емес, тұрғындардың мәдени жадында да із қалдырды. Шаһардың алдында мәдени-тарихи мұра мен мәдени дәстүрлерді, табиғи ландшафты сақтай отырып, өзінің келбеті мен функционалдық мүмкіндігін жаңарту мақсаты тұр. Автор мақалада Приозерск қаласының «полигон орталығы», «құпия және жабық қала», «әскери қала», «туристік орын» ретіндегі функционалды келбетін сипаттай отырып, мәдени-философиялық талдау жасаған. Мемлекеттік мәдени саясат контексінде мәдени жадыны сақтауға және жандандыруға ерекше назар аударылған.

Description

Citation

Ермагамбетова К.С. Приозерсктің қалалық кеңістігін мәдени-философиялық талдау:полигон орталығынан мәдени және тарихи жадты қайта жаңғыртуға дейін/ К.С. Ермагамбетова// Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 220-232 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By