Банк қарызы шартын құқықтық реттеудің кейбір сұрақтары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарму басп.
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасында банк қарызы шартын жасасу тəжірибесінде
кездесетін клиенттің құқықтарының бұзылуына қатысты мəселелер қарастырылды. Сот
тəжірибесіне жүргізілген жалпылама талдаулар нəтижесінде белгілі болғандай, банк қарызы
шартында клиенттің құқықтарын бұзатын жағдайлар жиі кездеседі, бұлар: несие беру
қызметін көрсеткені үшін комиссия өндіру, теңгемен берілген банктік қарыз шарты
бойынша міндеттемені жəне төлемдерді АҚШ доллары курсы бойынша индекстеуге жол
беру секілді құқықбұзушылықтар. Тəжірибеде соттар несиеге қызмет көрсету дербес
банктік қызмет көрсету деп есептелмейді деп таныған, сондықтан несиеге қызмет көрсету
үшін комиссия тағайындау жарамсыз болып табылады. Сол сияқты банктің қарыз алушы
есебінен баю бойынша əрекеті заңсыз, себебі ҚР «Қазақстан Республикасындағы банктер
жəне банк қызметі туралы» Заңының 34-б. сəйкес, кез келген валютаның баламасына
танылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені жəне төлемдерді
индекстеуге жол берілмейді.
Description
Citation
Ілиясова Г.А. Банк қарызы шартын құқықтық реттеудің кейбір сұрақтары/Г.А. Ілиясова, Е.С. Кəрібаев//Қарағанды ун-тінің хабаршысы. Құқық сер.=Вестник Караганд.ун-та=Bulletin of the Karaganda university.-2017.-№2(86).-С.155-162