Банк қарызы шартын құқықтық реттеудің кейбір сұрақтары

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Қарму басп.

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасында банк қарызы шартын жасасу тəжірибесінде кездесетін клиенттің құқықтарының бұзылуына қатысты мəселелер қарастырылды. Сот тəжірибесіне жүргізілген жалпылама талдаулар нəтижесінде белгілі болғандай, банк қарызы шартында клиенттің құқықтарын бұзатын жағдайлар жиі кездеседі, бұлар: несие беру қызметін көрсеткені үшін комиссия өндіру, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені жəне төлемдерді АҚШ доллары курсы бойынша индекстеуге жол беру секілді құқықбұзушылықтар. Тəжірибеде соттар несиеге қызмет көрсету дербес банктік қызмет көрсету деп есептелмейді деп таныған, сондықтан несиеге қызмет көрсету үшін комиссия тағайындау жарамсыз болып табылады. Сол сияқты банктің қарыз алушы есебінен баю бойынша əрекеті заңсыз, себебі ҚР «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңының 34-б. сəйкес, кез келген валютаның баламасына танылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені жəне төлемдерді индекстеуге жол берілмейді.

Description

Citation

Ілиясова Г.А. Банк қарызы шартын құқықтық реттеудің кейбір сұрақтары/Г.А. Ілиясова, Е.С. Кəрібаев//Қарағанды ун-тінің хабаршысы. Құқық сер.=Вестник Караганд.ун-та=Bulletin of the Karaganda university.-2017.-№2(86).-С.155-162

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By