Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін лабораториялық практикумдарда қалыптастыру əдістемесінің мазмұны

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Қазіргі таңда білім беру парадигмасының біліктілік сипаттамасынан жоғары оқу орны түлегін даярлаудың негізгі критерийі ретінде құзырет пен құзыреттілікке бағдарлануы білім беру жүйесіндегі негізгі бағытты айқындап берді. Шетелдік жəне отандық зерттеулерде түйінді құзыреттіліктер қатарына жатқызылатын зерттеушілік құзыреттілік болашақ биология пəні мұғалімін даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мақала биологиялық білім берудегі зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың əдістемелік жүйесі мəселесіне арналған. Мақалада 5В011300- Биология мамандығының оқу жоспарына сəйкес білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін лабораториялық практикумдардан тұратын жəне таңдалған пəндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудың жобасы берілген. Жобаға сəйкес білім алушылардың оқу іс- əрекетін ұйымдастыру барысы қарастырылған жəне автордың диссертациялық зерттеу жұмысы аясында биологиядан жүргізілген лабораториялық практикумдарда білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесінің мазмұны ұсынылған. Ұсынылған əдістеменің мазмұны 4 құрамдас бөліктен: оқыту əдістері, оқу іс-əрекетін ұйымдастыру, оқыту құралдары жəне бағалау- бақылау компоненттерінен тұрады жəне əрбір құрамдас бөлікке сипаттама берілген, нақты пəн мысалында оқу процесін ұйымдастыру үлгісі келтірілген. Сонымен бірге, зерттеушілік құзыреттілік қалыптастырудың эксперименттік əдістемесінің тиімділігін тексеру үшін əдебиеттерге жүгініп, тиісті қорытындылар жасалған.

Description

Citation

Унгарбаева Г.Р. Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін лабораториялық практикумдарда қалыптастыру əдістемесінің мазмұны/Г.Р. Унгарбаева, Н.Д. Андреева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2020. №2. 96-103 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By